jasqazaq.kz

Кореялық KIND компаниясы Алатау қаласын дамытуға қатысуы мүмкін

15 қыркүйек, 12:43
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы KIND корпорациясының президенті және бас директоры Ким Бок Хванды қабылдады, деп жазды Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның шетелдік инфрақұрылым және қала құрылысы жобаларын дамыту корпорациясы (KIND) қазақ-корей инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Мемлекет басшысының айтуынша, еліміз Үлкен Алматы айналма автокөлік жолын салуға үлес қосқан корпорациямен ықпалдастықты жалғастыруға мүдделі.

Әңгімелесу барысында KIND корпорациясының Алатау қаласын дамытуға қатысу перспективасына баса назар аударылды.

Президент жобаның әлеуеті зор екенін атап өтіп, корей тарапы жаңа шаһардағы инфрақұрылымдық және инвестициялық бастамаларға белсенді атсалысатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы корпорацияны Қазақстандағы әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жаңғырту жоспарын жүзеге асыру ісіне қатысуға шақырды.

Ким Бок Хван Қазақстан Еуразияның маңызды көлік-логистика торабы ретінде айрықша рөл атқаратынын атап өтіп, екі елдің экономикалық ынтымақтастығына нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ким Бок Хван қазақ-корей бірлескен инвестициялық қорын құру мәселелерін талқылады. Аталған қор еліміздегі инфрақұрылым және энергетика жобаларына корей капиталы мен технологиясын тартатын тиімді тетік болмақ.

Сонымен қатар кездесуде корпорацияның көлік-логистика жүйесін жаңғыртуға, соның ішінде Ақтау, Құрық порттарын дамыту, өңірлік әуежайларды салу мен жаңарту мүмкіндігі қарастырылды.

Кездесу соңында Caspian Group және KIND арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, Alatau City Authority мен KIND арасындағы Alatau Smart City жобасының бас жоспарын әзірлеу туралы келісім, Qazaqstan Investment Corporation мен KIND арасындағы стратегиялық келісім секілді құжаттармен алмасу рәсімі өтті.

07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде