jasqazaq.kz

Көкшетауда мердігер 211 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған

02 маусым, 9:29

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Көкшетау қаласындағы құрылыс жобаларын іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
ҚМА мәліметінше, 2021 жылғы желтоқсанда Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі ММ мен «Айдана-ИК» ЖШС арасында әлеуметтік осал топтарға арналған көппәтерлі тұрғын үйлер салу жөнінде 1 млрд теңгеден асатын сомаға келісімшарт жасалған.
Мердігер аванстық төлемдерді алу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жалған шарттарды ұсынған.
Кейін тапсырыс беруші тарапынан ЖШС-не 211 млн теңге көлемде қаражат аударған. Алайда құрылыс жұмыстары толық көлемде орындалмаған.
Соның нәтижесінде нысандар пайдалануға берілмеген.
Алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге, контрагенттермен есеп айырысуға, сондай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырылуға жұмсалған.
Күдікті қамауға алынды.
Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
JQ-Aqparat

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар