jasqazaq.kz

Көк Ту, Елтаңба, Әнұран: Қонаевта балаларға тағылымды кездесу ұйымдастырылды

05 маусым, 11:25

Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы саябақта балалармен кездесті.

Еркін форматта өткен кездесуге 35-ке жуық бала қатысты. Ашық аспан астында ұйымдастырылған жүздесу барысында оқушылар облыс әкіміне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен маңызы туралы пікір алмасты.

Кездесу барысында Марат Сұлтанғазиев балаларға Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тәуелсіз Қазақстанның басты нышандары екенін айтып, оларды құрметтеу әр азаматтың парызы екенін атап өтті.

Сондай-ақ әкім мемлекеттік рәміздерге қатысты қызықты деректермен бөлісті. Әсіресе, көк Тудың ғарыш кеңістігіне көтеріліп, әлемнің ең биік шыңдарында желбірегені туралы айтылған мәліметтер балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Шара барысында балалар мемлекеттік рәміздердің авторлары, олардың мән-мағынасы және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі жетістіктері туралы сұрақтар қойды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, жас қатысушылар өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.

Облыс әкімі мұндай кездесулердің жас ұрпақтың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

“Мемлекеттік рәміздер – біздің тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және елдігіміздің белгісі. Оларды құрметтеу – туған елге деген құрметтің көрінісі”, – деді Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда аталып өтіледі. Бұл күн қазақстандықтардың елдік құндылықтарға деген құрметін арттыруға және өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін нығайтуға бағытталған түрлі іс-шаралармен ерекшеленеді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Марат Султангазиев (@marat_sultangaziyev)

Бүгін, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
Бүгін, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы