jasqazaq.kz

Көк аспаннан маңызды үндеу: әуе шоуына қатысушылар қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

17 тамыз, 14:09

Іле Алатауының бөктерінде қалықтаған ұшақтар, жоғары пилотаж элементтері, топтық ұшулар мен парашютшілердің биіктен секіруі – Алматы облысында дәстүрлі «Байсерке аспаны» әуе шоуы өтті. Биыл көрерменге әсерлі авиациялық бағдарлама ұсынылып қана қоймай, алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауына да назар аударылды.

23 тамызға белгіленген дауыс беруге бір аптадан аз уақыт қалды. Осыған орай 10 мыңнан астам көрермен жиналған әуе шоуында жұртшылыққа алдағы сайлау туралы да үндеу жасалды. Әуе айлағына кәсіби ұшқыштар, парашютшілер, авиация саласының мамандары мен өңірдің мыңдаған тұрғыны жиналды. Олардың арасында отбасымен келгендер де көп.

Әуе шоуының ең әсерлі сәттерінің бірі – Қазақстанның Мемлекеттік туын алып ұшқан Ми-2 тікұшағының көкке көтерілуі болды. Артынша тікұшақ «Жаңаруға дауыс бер!» деген жазуы бар баннерді алып ұшты. Бұл әуе перфомансы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына арналды. Ұйымдастырушылар көрермендерді азаматтық белсенділік танытып, 23 тамызда дауыс беруге қатысуға шақырды.

Одан кейін әуе шоуының негізгі бағдарламасы басталды. Көрермендер күні бойы түрлі әуе кемелерінің мүмкіндіктерін тамашалады. Аспанға Ми-2 тікұшағы, Ан-2, Socata, Як-18Т, Як-52 және Як-55 ұшақтары, сондай-ақ мотодельтапландар көтерілді. Ұшқыштар жеке және топтық ұшулар жасап, жоғары пилотаж элементтерін көрсетті. Кейбірі сап түзеп ұшса, енді бірі аспанда түтін іздерін қалдырды. Ұшулар 100-ден 1400 метрге дейінгі биіктікте орындалды. Бағдарламаның тағы бір әсерлі бөлігі – Ан-2 ұшағынан парашютшілердің секіруі болды. Олар 1000 метрден астам биіктіктен секірді.

Жердегі бағдарлама да қызыққа толы болды. Аэродром аумағында авиациялық техника көрмесі ұйымдастырылып, қонақтар түрлі типтегі ұшақтар мен тікұшақтарды жақыннан көріп, олардың құрылымымен танысты. Сондай-ақ ұшқыштар мен авиация саласының өзге де мамандарының жұмысы туралы ақпарат алды. Көрме әсіресе балалар мен жастардың ерекше қызығушылығын тудырды.

Айта кетейік, әуе шоуына Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері Айдын Айымбетов, «Отан» аэроклубы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Юрий Ельцов, «Тянь-Шань» авиациялық орталығының бас директоры Владимир Анцупов, Қазақстан шағын авиация қауымдастығының президенті Өмірбек Кеңесбаев, сондай-ақ авиация қауымдастығының өкілдері қатысты.

Іс-шараның негізгі тақырыптарының бірі – Қазақстандағы шағын авиацияны дамыту болды. Қатысушылар жастар арасында авиациялық және техникалық мамандықтарды танымал ету, авиациялық мәдениетті қалыптастыру және саланы одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ мұндай іс-шаралардың Алматы облысының туристік тартымдылығын арттырудағы әлеуетіне ерекше назар аударылды.

Қонақтар үшін ойын-сауық және интерактивті алаңдар жұмыс істеп, түрлі ұтыс ойындары мен DJ-сеттер ұйымдастырылды. Келушілер күні бойы әуе кемелерінің ұшуын тамашалап, авиациялық техникамен танысып, сала мамандарымен тілдесе алды.

Осылайша, дәстүрлі «Байсерке аспаны» әуе шоуы биыл да өңірдегі көпшілік асыға күткен ауқымды шаралардың біріне айналды. Биылғы шарада көрермендер әуе техникасының мүмкіндігі мен ұшқыштардың шеберлігін тамашалап, авиация саласымен жақынырақ танысты. Сонымен қатар маңызды үндеу де айтылды: 23 тамызда қазақстандықтар еліміздің жаңа бір палаталы Парламенті – Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауына қатысады.

Алматы облысы әкімдігі

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар