jasqazaq.kz

«Kizdar.net» сайтын ұйымдастырғандар ұсталды

15 маусым, 19:58

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен «Kizdar.net» интернет-ресурсының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz Бас прокуратураның Телеграм-каналына сілтеме жасап. 

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, бұл сайт 2011 жылдан бері жарнама орналастыру және ақылы интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру мақсатында пайдаланылған.

Құқық қорғау органдары интернет-ресурстың болжамды ұйымдастырушыларын ұстады. Олардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 309-бабының 2-бөлігі бойынша сараланып, сот санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу барысында жүргізілген тінту кезінде ірі көлемдегі ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Алдын ала есеп бойынша, күдіктілердің заңсыз жолмен тапқан табысы 2 миллиард теңгеден асқаны анықталған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасуда. Істің тергелу барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауында.

JQ-Aqparat

Сурет: ІІМ 

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар