jasqazaq.kz

Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды

22 тамыз, 12:51

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен сол жағалаудағы екі көпқабатты тұрғын үйдің 90 пәтері әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасыларға табысталды.
Салтанатты шараға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары және қала тұрғындары қатысты.
Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
«Баршаңызға көптен күткен жаңа қоныс құтты болсын!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Қолжетімді баспана – арман емес, біздің азаматтарымыздың алдындағы міндетіміз», — деген болатын.
Бұл бағытта Сыр өңірінде байыпты бастамалар сәтті жүзеге асуда. Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін жайлы баспанамен, әлеуметтік нысандармен қамту жүйелі жолға қойылған.
Бүгін кезекте тұрған жерлестерімізге аумағы 7 мың шаршы метрден асатын 90 пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстаудамыз.
Алдағы уақытта да шаһардың ажарын айшықтайтын заманауи үлгідегі тұрғын үйлер бой көтереді.
Жаңа қоныс құтты, шаңырақтарыңыз биік, босағасы берік болсын, іші береке мен мерекеге толсын!
Әр отаудан бүлдіршіндердің күлкісі естіліп, татулық салтанат құра берсін!», — деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Рәсімде ел ағасы Бақберген Досманбетов сөз сөйлеп, тұрғын үйді салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен соңғы төрт жылда
тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға 8 мыңға жуық пәтер беріліп, 30 мыңнан астам жерлесіміз баспаналы болды.
2026-2027 жылдары 6200-ден астам пәтер табысталып, 25 мыңға жуық тұрғынның баспана мәселесін шешу жоспарлануда.
Бүгінде сол жағалауда бой көтерген 169 нысанның 136-сы — көпқабатты тұрғын үй. Жаңа шағын аудан тұрғындарының саны 25 мыңнан асты.
Халыққа жайлы орта қалыптастыру мақсатында 20 әлеуметтік, 13 ірі бизнес нысаны бой түзеп, ел игілігіне қызмет етуде.
Қазіргі уақытта тағы 48 ғимарат салынып жатыр. Сондай-ақ И.Тоқтыбаев көшесінен сол жағалауға өтетін төрт жолақты жаңа көпір құрылысы жоспарланған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын
03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті