jasqazaq.kz

Қызылорда облысының білім саласы: жүйелі жұмыстың жарқын жемісі

22 шiлде, 22:22

Биылғы оқу жылы Сыр өңірінің білім саласы үшін табысты болды.
Жүйелі жүргізілген жұмыстар мен білім сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралардың нәтижесінде Қызылорда облысы республикалық деңгейде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.
Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингісі (МОДО) зерттеуі қорытындысымен облыс жоғары жетістікке қол жеткізіп,
4-сынып оқушылары арасында республика бойынша ІІІ орынды,
9-сынып оқушылары арасында ІІ орынды иеленді.
Бұл көрсеткіштер облыстағы білім беру сапасының тұрақты өсіп келе жатқанын айғақтайды.


Сонымен қатар, Қызылорда облысы Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балы 74,90-ды құрап, республика бойынша үшінші жыл қатарынан І орынға тұрақтады. Бұл – білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан мақсатты жұмыстардың, педагогтердің кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігінің және оқушылардың қажырлы еңбегінің нақты нәтижесі.
Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін білім саласына ерекше қолдау білдірген сол кездегі облыс әкімі, қазіргі ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Машбекұлының және облыс әкімі Мұрат Нәлқожаұлының үлесі зор.


Сондай-ақ әрбір шәкірттің бойына сапалы білім мен саналы тәрбие дарытып, кәсіби шеберлігімен өңір мерейін асырып жүрген ұстаздар қауымының еселі еңбегі бұл табыстың берік негізіне айналды.


Бұл – Сыр өңірінің ортақ жеңісі әрі алдағы уақытта да білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жаңа деңгейде жалғастыруға берік негіз.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар