jasqazaq.kz

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

23 тамыз, 10:21

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Құзыреттілік орталығындағы» №222 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді. Тұрғындармен кездесіп, пікірлерін тыңдады.

«Жыл басында Сыр бойында өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысында Президентіміз еліміздің алдағы стратегиялық бағытын айқындап, конституциялық реформаларды ұсынған болатын.
Жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған жаңа Конституциямыз аса ауқымды қоғамдық-саяси үдерістерге жол ашып, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға мүмкіндік берді.
Бүгін өтіп жатқан Құрылтай депутаттарының сайлауы – Әділетті әрі Қуатты Қазақстанның жаңа бағдарын айқындайтын тарихи оқиға.
Жаңа Құрылтай Парламенттік жүйенің тарихи сабақтастығын сақтап, егемен еліміздің жарқын болашағына қызмет етеді. Сыр жұртшылығы еліміздің ертеңіне бейжай қарамай, бүгінгі сайлауға да белсенді қатысады деп сенемін», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Қызылорда облысында 500 591 дауыс беруші тізімге енгізілген, 386 учаскеде 2720 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Қызылорда қаласында 132 учаске бар. Учаскелер таңғы сағат 6.00-де ашылды. Дауыс беру 7.00-ден басталып, 20.00-ге дейін жүргізіледі.

Азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 4 онлайн сервис жұмыс істейді. Сондай-ақ, уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 учаске бар.

Қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 67 инватакси, 45 сурдоаудармашы ымдау тілі қызметін көрсетуде.

Айта кетейік, азаматтардың дауыс беру учаскесін нақтылау мақсатында Call-орталық (109) және «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі (saylau.orda.gov.kz/ru) жұмыс істейді.
Әр азамат жеке сәйкестендіру нөмірін теру арқылы қай сайлау учаскесінде тіркелгенін және сол учаскесінің қай мекенжайда орналасқанын картадан онлайн көре алады.
Сонымен қатар, telegram-бот (saylaukzo_Bot) және «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылған.
Сайлау учаскелерінде ұлттық ойындар, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, өнерпаздар әннен шашу шашты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар