jasqazaq.kz

Қызылорда облысындағы маңызды инфрақұрылымдық жоба «Қарлан» көпірінің құрылысы қарқынды жүруде

20 шiлде, 22:53

Қызылорда облысының Қазалы ауданында жүзеге асырылып жатқан ауқымды инфрақұрылымдық жобалардың бірі – «Қазалы–Қожабақы–Бозкөл–Кәукей» автомобиль жолының 16-шақырымындағы Қарлан учаскесінде салынып жатқан көпір құрылысы белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес қарқынды жүргізілуде.
Өңірдің көлік қатынасын жақсартуға бағытталған бұл жоба елді мекендер арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қатынауына жаңа мүмкіндік қалыптастырмақ.
Жалпы құны 6 млрд 746 млн теңгені құрайтын жоба Сырдария өзені арқылы өтетін көпір өткелі мен оған жалғасатын кірме жолдардың құрылысын қамтиды. Нысанның жалпы ұзындығы 2,5 шақырым болса, оның 248,29 метрін көпірдің өзі, ал 2,3 шақырымын кірме жолдар құрайды. Заманауи инженерлік талаптарға сай бой көтеріп жатқан нысан ауданның көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеруге негіз болмақ.
Қазіргі таңда мердігер мекеме – «НұрлыТау ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс жұмыстарының негізгі кезеңдерін жүйелі түрде жүзеге асыруда. Жоспарланған 84 дана свай толық қағылып, сегіз тіреудің алтауы орнатылған. Сонымен қатар көпірдің негізгі тірек конструкцияларын монтаждау, бетон тіреулерін құю, кірме жолдарға топырақ төсеу және жер төсемін нығайту жұмыстары қатар атқарылуда.
Құрылыс алаңында 30 арнайы техника мен 80-ге жуық маман еңбек етуде. Әрбір құрылыс кезеңі техникалық талаптарға сәйкес орындалып, жұмыстардың сапасы мен мерзіміне тұрақты бақылау жүргізілуде.
Жоба толық аяқталғаннан кейін көпір өткелі заманауи талаптарға сай жарықтандырылып, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті инфрақұрылыммен жабдықталады. Бұл өз кезегінде Сырдария өзенінің арғы бетіндегі елді мекендердің көлік қатынасын едәуір жеңілдетіп, өңір тұрғындарының күнделікті жүріп-тұруына қолайлы жағдай қалыптастырады.
Қарлан көпірінің құрылысы – жай ғана инженерлік нысан емес, ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Сондықтан құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы басты назарда. Жауапты мекемелер тарапынан құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, барлық жұмыстарды құрылыс нормалары мен талаптарына сай орындауға басымдық берілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды