jasqazaq.kz

Қызылорда облысында құс фабрикасы ашылды

06 тамыз, 18:38

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Жаңақорған ауданындағы «Абдулла» шаруа қожалығы құс фабрикасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Рәсімде аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, жүзеге асып жатқан ауқымды жобаларды атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Жаңа инвестициялар ең алдымен, еліміздегі заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыруға бағытталуы керек» деген болатын.
Бүгінде Жаңақорған ауданында тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамалар сәтті жүзеге асуда. Соның бірі – «Абдулла» шаруа қожалығы құс фабрикасының ашылу рәсіміне куә болып отырмыз.
Кәсіпорын құрылысына 5,5 млрд теңге бөлінген, жылына 6 мың тоннаға жуық құс етін өндіреді. Өнімі аймағымыздан бөлек, көрші облыстарға да жеткізіледі. Мұнда 120 адам жұмыспен қамтылады. Осындай маңызды жобаны Жаңақорған ауданында жүзеге асырғаны үшін жеке инвесторға зор ризашылығымды білдіремін.
Бұдан бөлек, мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 1,1 млрд. теңгеге салынған су тарату станциясы пайдалануға беріледі.
«МАИ бекеті» және «Алтыкрант» шағын ауданындағы 2 мыңға жуық тұрғын үй сапалы ауызсумен қамтылады. Осы жобалардың жүзеге асырылуы облысымыздың, әсіресе Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді. Баршаңызды құс фабрикасының ашылуымен тағы да құттықтаймын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!», — деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Шарада Жаңақорған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Исабекұлы және құс фабрикасын салуға атсалысқан азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Фабрика аумағында 12 қора, құс соятын,
балапан ашатын цехтар, әкімшілік, техникалық қызмет көрсету ғимараты орналасқан.

Айта кетейік, өңір экономикасын әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда 1 трлн. 900 млрд теңгеге 48 инвестициялық жоба іске қосылып, 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Соның ішінде, биыл 100 млрд. теңгенің 21 жобасын іске қосу жоспарланған.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді