jasqazaq.kz

Құрылтай сайлауына хадықаралық байқаушылар жоғары қызығушылық танытуда

03 тамыз, 18:08

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы 9 шет мемлекеттен және 4 халықаралық ұйымнан 155 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

Комиссия отырысында сөз сөйлеген ОСК Төрағасының орынбасары Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттерінің халықаралық байқаушылары Қазақстанда өтетін сайлау науқанына ерекше қызығушылық танытып отырғанын айтты.

       «2026 жылғы 3 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Орталық сайлау комиссиясына 9 шет мемлекеттен және 4 халықаралық ұйымнан 155 халықаралық байқаушының кандидатурасын аккредиттеуге ұсынды. Олардың ішінде ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан - 86 байқаушы, ТМД Байқаушылар миссиясынан - 22, ТМД ПАА - 23, ҰҚШҰ ПА - 6 байқаушы бар. Шет мемлекеттерден: Ресей Федерациясынан - 3 байқаушы, Әзербайжан Республикасынан, Армения Республикасынан, Иордания Хашимит Корольдігінен, Қырғыз Республикасынан, Молдова Республикасынан, Мьянма Одағы Республикасынан және Румыниядан - әрқайсысынан 2 байқаушы, Украинадан - 1 кандидатура ұсынылды», - деп хабарлады Мұхтар Ерман.

Айта кетейік, аталған миссиялардың құрамына 29 елдің: Австрия, Әзербайжан, Албания, Беларусь, Бельгия, Босния және Герцеговина, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Испания, Италия, Қырғызстан, Латвия, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Польша, Ресей, Румыния, Солтүстік Македония, Словения, Тәжікстан, Түркия, Финляндия, Франция, Хорватия, Черногория, Чехия және Швеция мемлекеттерінің атынан 74 депутат кіреді.

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы аккредиттеген делегациялардың қатарында шет мемлекеттердің орталық сайлау органдарының 12 делегациясы бар. Олардың 7-ін Әзербайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Пәкістан және Ресейдің орталық сайлау комиссияларының төрағалары бастап келеді. Бұдан бөлек, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстанның орталық сайлау органдарының басшылары да сайлауды байқауға қатысатынын растады.

Осылайша, бүгінгі күнге дейін Орталық сайлау комиссиясы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 251 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Аккредиттеуге қатысты ұсыныстар келіп түскен сайын халықаралық байқаушылар туралы мәліметтер жаңартылып отырады.

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді