jasqazaq.kz

Қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемнен айыру туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді

19 маусым, 19:13

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Министрлік мәлімдемесінде: «Әлеуметтік желілер мен жекелеген ақпараттық пабликтерде Қазақстанда курьер ретінде қосымша жұмыс істейтін аналарды әлеуметтік төлемдерден айыру жоспары туралы жарияланымдар таралуда.
Бұл шындыққа сәйкес келмейді.
Бала күтімін жүзеге асыратын жұмыс істемейтін ата-аналарға республикалық бюджет қаражаты есебінен бала бір жарым жасқа толғанға дейін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) төленеді. Аталған жәрдемақылар шартсыз, және алушының кейіннен жұмысқа орналасуына қарамастан, бала бір жарым жасқа толғанға дейін толық мерзімде төленеді.
Өз кезегінде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын тұрақты жұмысы бар ата-аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындалады. Бұл төлемнің мөлшері бала туған күнге дейінгі соңғы екі жылдағы орташа айлық табыстың 40 пайызын құрайды.
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің нормаларына сәйкес, аталған төлемдерді жұмысқа шығуына байланысты тоқтату тек алушының өз еркімен тиісті өтініш беруі арқылы ғана жүзеге асырылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер мен паблик әкімшілері ресми мәлімдемелерді түсіндіруге мұқият қарап, азаматтарды жаңылыстыруы мүмкін тақырыптар мен тұжырымдардан аулақ болуы қажет.
Азаматтарды уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми түсіндірмелеріне ғана сүйенуге шақырамыз. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін тікелей бейінді ведомстволарға жүгінген жөн», — делінген.
JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде