jasqazaq.kz

Қорқор жарнамасына жол жоқ

24 маусым, 11:52

Шымкент қаласында интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде қорқор өнімдерін заңсыз жарнамалауға жол бермеу бағытындағы жұмыстар күшейтілді.

«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын және темекі өнімдерін тікелей немесе жанама жарнамалауға тыйым салынған.

Заң талабы бұқаралық ақпарат құралдарымен ғана шектелмейді және интернет-платформаларда орналастырылатын жарнамалық материалдарға да қолданылады.
Осыған байланысты әлеуметтік желілердегі парақшаларда, стористер мен бейнероликтерде қорқорды көрсету, оны тұтынуға шақыратын мәтіндер орналастыру, арнайы ұсыныстар, жеңілдіктер мен акциялар жариялау, мәзірлерде, баннерлерде және сыртқы жарнама нысандарында қорқор өнімдерін насихаттау заң талаптарына қайшы келеді.
Қорқордың суретін немесе бейнесін пайдаланып, тұтынушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған «қорқор бар», «жаңа дәмдер», «тегін қорқор», «акция», «жеңілдік» және осыған ұқсас жарияланымдар жарнаманың жанама түрі ретінде бағалануы мүмкін.
Жарнама туралы заңнаманы бұзу Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 455-бабы бойынша жауаптылыққа әкеп соғады.
Заңсыз жарнама анықталған жағдайда оны таратқан тұлға жарнаманы дереу тоқтатуға міндетті.
Осыған орай қоғамдық тамақтану және ойын-сауық орындарының иелеріне:
 әлеуметтік желілердегі қорқорға қатысты жарнамалық жарияланымдарды жою;
 мәзірлерден, баннерлерден және жарнамалық тақтайшалардан қорқорға қатысты ақпаратты алып тастау;
 блогерлер мен өзге де тұлғалар арқылы жасырын жарнама орналастыруға жол бермеу;
 интернет-парақшалардың мазмұнына тұрақты бақылау жүргізу қажет.
Қала прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп интернет-кеңістікке мониторинг жүргізуді жалғастырады.
Заң талаптарын елемеген кәсіпкерлік субъектілеріне белгіленген тәртіппен құқықтық шаралар қабылданатын болады.
Қорқор жарнамасы – кәсіпті ілгерілетудің тәсілі емес, заң бұзушылық екендігін ескертеміз.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде