jasqazaq.kz

Қонаев қаласының әкімі «Славян базары» байқауының жеңімпазы Ақерке Амалятты қабылдады

Бүгін, 18:24

Қонаев қаласының өнері халықаралық аренада биіктен көрінді. Беларусь Республикасының Витебск қаласында 14–20 шілде аралығында өткен «Славян базары – Витебск-2026» халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында Қонаев қалалық мәдениет үйінің әншісі Ақерке Амалят І орынға ие болды.

Осы айтулы жеңіске орай Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов өнерпазды арнайы қабылдап, Алғыс хат пен 1 миллион теңгенің сертификатын табыстады.

«„Славян базары“ – әлемдік деңгейдегі беделді өнер байқауларының бірі. Биыл 19 мемлекеттің таланттары бақ сынаған додада сіздің жеңіске жетуіңіз – тек жеке жетістік емес, бұл Қонаев қаласының мәдени әлеуетінің, қазақ өнерінің биік деңгейін әлемге танытқан үлкен жеңіс. Барша қала тұрғындарының атынан сізге алғысымды білдіремін. Алар асуыңыз биік, өнер жолыңыз әрдайым жарқын болсын! Сізге зор денсаулық, сарқылмас шабыт және жаңа жеңістер тілеймін!» – деді шаһар басшысы.

Салтанатты кездесуде әншіні қолдаған демеуші, Қонаев қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сергей Горяной да құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Өз кезегінде Ақеркенің анасы Гүлнұр Зұлқаршынқызы қызының жетістігіне қуанып, қолдау көрсеткен Қонаев жұртшылығына алғысын білдірді. Кездесу соңында ол қала әкіміне өзінің төл туындысын тарту етіп, ризашылығын жеткізді.

Бүгін, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту