jasqazaq.kz

ҚМА Ұлытау облысында 23 мың тоннадан астам марганец кенін заңсыз өндірген топтың әрекетін тоқтатты

14 тамыз, 10:32

Тергеу дерегінше, күдіктілер пайдаланудан шыққан карьерді рекультивациялау жұмыстарын жүргізіп жатқан кейіп танытып, іс жүзінде ауыр карьер техникасы мен ұсату-жуу жабдықтары бар толыққанды тау-кен байыту кешенін іске қосқан. Өндірілген кен тауарлық концентратқа өңделіп, теміржол арқылы шекаралас мемлекеттерге экспортқа жөнелтіліп отырған, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткізілген өнім көлемі 23 мың тоннадан асып, оның құны 1 млрд теңгеден көп болған.

 Заңсыз әрекет салдарынан қоршаған ортаға залал келтірілген. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру құны 150 млн теңгеден асады. Тергеу жалғасып жатыр.

Сурет: ҚМА/видеодан кадр




Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты