jasqazaq.kz

ҚМА жалған және сувенирлік ақшадан сақ болуға шақырды (Видео)

10 қантар 2025, 9:54

ҚМА азаматтардың назарын валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырды деп хабарлайды jasqazaq.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желіде азаматтар шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшамен шатастыратын бейнелер таралуда.

Бұл бейнероликтер адамдар тиісті назар аудармай, шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшадан ажырата алмайтынын және заңсыз операцияларға қатысу сияқты жағымсыз салдарға әкеп соғатынын көрсетеді.

2024 жылдың басынан бастап Қазақстан аумағында айналымнан 2 мыңға жуық жалған банкнота алынып, қаржылық тұрақтылыққа елеулі қауіп төндірді.

Жалпы алынған жалған ақшалардың сомасы 80 миллион теңгеден асты. Жалған банкнота жасаумен және сатумен айналысқан 8 адам сотталған. Олар 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған.

 «Мұндай жағдайларды болдырмау үшін ақшалай операциялар кезінде банкноталарды тексеріңіз. Ақша қағазының сапасына, қорғаныш элементтеріне (мөртаңбасы, микроэлементтер, белгілі бір жарықта көрінетін белгілері) және текстура мен шрифтіне назар аударыңыз. Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болып қалмау және қылмыстық қудалауға түспеу үшін, бөтен адамдармен ақша алмастырып, валюта айырбастау бойынша қолайлы курс ұсынса да делдалдармен мәміле жасамағаныңыз дұрыс», делінген хабарламада.

Сақ және абай болыңыздар! Егер жалған немесе күмәнді банкноталарды тапсаңыз оны сатуға тырыспаңыз. Дереу ҚМА немесе тұрғылықты жеріңіз бойынша құқық қорғау органдарына хабарласып, қажетті тексерулерді жүргізгеніңіз жөн.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от QR QMA / АФМ РК (@afm_rk)

Сурет: Видеодан кадр

 

Бүгін, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
Бүгін, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
Бүгін, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
Бүгін, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті