jasqazaq.kz

ҚМА азаматтардың жеке деректері мен ақшасын иемдену мақсатында фишинг хабарламаларын жаппай таратқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі

24 тамыз, 15:11

Тергеу деректеріне сәйкес, биыл қаңтар айында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің бірінің азаматы Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз әрекет ұйымдастыру үшін жергілікті тұрғынды ақшалай сыйақыға тартқан, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кейін қылмыстық схемаға Астана қаласында жабдықтың жұмысын қамтамасыз еткен басқа да адамдар қосылған.

Күдіктілер SMS-бластер қолданған. Бұл — ұялы байланыс базалық станциясының жұмысын имитациялап, операторлардың сүзгілеу жүйелерін айналып өту арқылы хабарламаларды жаппай таратуға мүмкіндік беретін құрылғы.

Нәтижесінде төрт күн ішінде Beeline, Kcell және Activ операторларының абоненттеріне белгілі компаниялардың атынан бонустарды айырбастау туралы ұсыныстар жазылған шамамен 150 мың фишинг SMS-хабарлама жіберілген. Сілтемеге өткен қолданушылар жалған сайтқа бағытталып, онда олардан жеке және банк деректерін, оның ішінде төлем картасының деректемелерін, CVV-кодты және SMS арқылы келетін растау кодын енгізу сұралған.

Осылайша күдіктілер азаматтардың құпия ақпараты мен банк шоттарындағы қаражатына қол жеткізген.
Тергеу барысында тәркіленген SMS-бластер жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге арналған арнайы техникалық құрал екені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 399-бабы 2-бөлігі «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды заңсыз дайындау, өндіру, сатып алу, өткізу немесе пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта төрт күдікті қамауға алынды.

Сурет: ҚМА/видеодан кадр

02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу