jasqazaq.kz

ҚМА 150-ден астам дропперді тартқан қылмыстық схеманы әшкереледі

30 шiлде, 11:55

Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облысында интернет-алаяқтарға қызмет көрсеткен қылмыстық топтың жолын кесті. Тергеу мәліметінше, топ мүшелері азаматтардан алаяқтық жолмен жымқырылған қаражатты дропперлер арқылы қабылдап, криптовалютаға айырбастап, кейін заңдастырумен айналысқан. Қазіргі уақытта 80 жәбірленуші анықталып, келтірілген залал 120 млн теңгеден асты, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, Ақтөбе қаласының аумағында телефон және интернет-алаяқтық салдарынан азаматтардан жымқырылған ақшалай қаражатты қабылдау, конвертациялау және заңдастырудың тұрақты схемасын құрған қылмыстық топ әрекет еткен.

Топ құрамында оннан астам адам болған. Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылар 150-ден астам дропперді тартқан.

Қылмыстық топ мүшелері банк қосымшалары мен криптоәмияндар алдын ала орнатылған ұялы телефондарды пайдаланған. Бұл оларға дропперлердің шоттарын қашықтан басқаруға және қаржылық операцияларды олардың қатысуынсыз жүргізуге мүмкіндік берген.

Блокчейн-талдау құралдарының көмегімен жымқырылған қаражатты заңдастырудың толық схемасы қалпына келтірілді. Алдымен жәбірленушілердің ақшалай қаражаты транзиттік банктік шоттар арқылы өткізіліп, кейін бақылаудағы дропперлердің шоттарына аударылған. Одан кейін қаражат криптовалюта платформасына жіберіліп, онда USDT цифрлық активтерін сатып алуға пайдаланылған. Операцияларға заңды сипат беру мақсатында жалған қарыз шарттары мен жалған компаниялар қолданылған. Қылмыстық схеманың соңғы кезеңінде заңсыз кірістер қолма-қол ақшаға айналдырылып, шетел валютасына айырбасталған.

️Қазіргі уақытта еліміздің 16 өңірінен 80 жәбірленуші анықталды. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 120 млн теңгеден асты.

Қылмыстық топтың 8 мүшесі қамауға алынды. Тағы екі күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сот санкциясымен күдіктілердің мүлкіне, оның ішінде 8 пәтерге, бір автокөлікке және 52 мың USDT көлеміндегі цифрлық активтерге тыйым салынды. Тергеп-тексеру жалғасуда.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар