jasqazaq.kz

ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасенов үйқамақ режимін тағы да бұзды – сот ресми мәлімдеме жасады

15 маусым, 10:18

Алмалы аудандық соты ҚазТАГ бас редакторы Әмір Қасеновтің үйқамақ мерзімінің аяқталғаны туралы мәлімдемесін шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Әмір Қасеновтің қылмыстық іс бойынша өзіне қатысты бұлтартпау шарасының мерзімі аяқталды деген мәлімдемелеріне байланысты Алматы қаласының Алмалы аудандық соты ресми түсініктеме жариялады.

Сот хабарламасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 319-бабына сәйкес қылмыстық іс сотқа түскен кезде судья бұлтартпау шарасы мәселесін де қатар қарайтыны айтылған.

Осы іс бойынша сот ағымдағы жылдың 5 маусымында бұрын таңдалған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдыру туралы процессуалдық шешім қабылдаған.

«Сондықтан бұлтартпау шарасының мерзімі аяқталды деген мәлімдемелер сот актісінің мазмұнына сәйкес келмейді», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ сот қаулысы процеске қатысушылар мен олардың қорғаушылары қол жеткізе алатын «Сот кабинеті» ақпараттық жүйесінде орналастырылатыны атап өтілді.

Осыған байланысты адвокаттар мен өзге де процесс қатысушылары сот актісімен заңда белгіленген тәртіппен ол шығарылғаннан кейін бірден танысуға құқылы.

Бұдан бөлек, сот жүктелген шектеулер мен міндеттер бұзылған жағдайда бұлтартпау шарасын қатаңдатуға, оның ішінде неғұрлым қатаң түріне өзгертуге құқылы екенін ескертті.

JQ-Aqparat

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар