jasqazaq.kz

Қазақстандық оқушылар әлемдегі ең беделді математикалық олимпиадада 6 медаль жеңіп алды

27 шiлде, 18:39

Қазақстан құрамасы Шанхайда өткен 67-ші Халықаралық математикалық олимпиадада (IMO) 3 күміс және 3 қола медаль иеленіп, ел қоржынына тағы бір ірі жетістік қосты.

Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық математикалық олимпиадаға (International Mathematical Olympiad, IMO) әлемнің 117 елінен 700-ге жуық дарынды оқушы қатысты. Бұл – әлемдегі ең көне әрі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ұлттық құрама жарысты 3 күміс және 3 қола медальмен аяқтады.

Күміс медальды Almaty қаласындағы Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Тимур Мұрат, Алматыдағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Әли Еркебұланұлы және Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Батырхан Бейғанов жеңіп алды.

Ал қола жүлдені Алматыдағы NURORDA мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Ерасыл Алтынбек, Астанадағы Spectrum халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Марғұлан Шарел және Haileybury Almaty халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы Әмірлан Аманжолов иеленді.

Халықаралық математикалық олимпиада 1959 жылдан бері өткізіліп келеді және әлемдегі ең беделді пәндік олимпиадалардың бірі саналады. Қазақстан бұл додаға 1992 жылдан

бері тұрақты қатысып келеді.

Осы уақыт ішінде ұлттық құрама олимпиадаға 34 рет қатысып, жалпы 16 алтын, 54 күміс және 86 қола медаль, сондай-ақ 30 Құрмет грамотасын жеңіп алғанын да айта кетейік.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар