jasqazaq.kz

Қазақстандық Ләззат Алшинова беделді «The Women Noble Prize 2026» сыйлығының лауреаты атанды

22 шiлде, 19:07

Қоғам қайраткері, «Замандас 21» қоғамдық қорының жетекшісі Ләззат Алшинова The Women Noble Prize 2026 халықаралық сыйлығына ие болды. Бұл марапат Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (UN SDGs) ілгерілетуге қосқан үлесі үшін табысталады. Биыл Номинациялық комитет әлемнің әртүрлі елдерінен ұсынылған 120 үміткердің өтінімін қарап, Қазақстан өкілін 2026 жылдың лауреаты деп таныды.

Марапаттау рәсімі 2026 жылғы 9–17 шілде аралығында Швейцарияның Давос қаласында өткен GLOBAL BUSINESS WEEK 2026 халықаралық апталығы аясында өтті. Іс-шараға әлемнің 40-тан астам елінен делегаттар, дипломаттар, инвесторлар және көшбасшылар қатысты.

The Women Noble Prize сыйлығы World Woman Forum аясында табысталады. Ережеге сәйкес, бұл атақ жыл сайын қоғамдық қызметі мен гуманизм қағидаттарын үлгі еткен әлемдегі бір ғана әйелге беріледі.

Ұйымдастыру комитетінің айтуынша, Ләззат Алшынова Women Noble Prize сыйлығының құндылықтары мен миссиясының жарқын көрінісіне айналды. Ұйымдастырушылар оның кәсіби қызметі мен әлеуметтік бастамаларды дамытуға қосқан үлесі қоғамға елеулі әсер етіп, жауапкершілік пен серіктестікке негізделген көшбасшылықтың үлгісін көрсететінін атап өтті.

Қазақстанда Ләззат Алшынова қайырымдылық жобаларын жүзеге асыруда: әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды қолдап, олардың сапалы білім алуына көмектеседі. Сонымен қатар, ол әйелдер құқығын қорғау мәселелерімен айналысады, сондай-ақ мәдени дипломатия саласындағы анасының ісін жалғастырып, Қазақстанның ұлттық мәдениетін халықаралық аренада дәріптеп жүр.

«The Women Noble Prize» сыйлығы қоғамның дамуына, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жалпыадамзаттық құндылықтарды ілгерілетуге үлес қосып жүрген әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрнекті әйелдердің оқиғаларын біріктіруді жалғастыруда.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар