jasqazaq.kz

Қазақстанда азық-түлік бағасының оң динамикасы сақталуда

28 тамыз, 17:57

2026 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша, есепті апта ішінде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағалардың төмендегені байқалды.

Апта ішінде пияздың бағасы 4,8%, ақ қауданды қырыққабаттың бағасы 4,6%, картоп 2,9%, сәбіз 2,4%, алманың бағасы 1,1%-ға төмендеді.

Өңірлер бөлінісінде еліміздің бірқатар қаласында дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Қонаев қаласында 0,4%-ға, Атырау, Жезқазған және Көкшетау қалаларында 0,2%-ға, Алматы, Қызылорда, Орал және Өскемен қалаларында 0,1%-ға төмендеді. Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Тараз, Талдықорған және Түркістан қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды.

Республика бойынша пияздың орташа бағасы 1 килограмына 179 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында – 1 килограмына 135 теңге деңгейінде тіркелді.

Ақ қауданды қырыққабаттың республика бойынша орташа бағасы 1 килограмына 176 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында – 132 теңге.

Республика бойынша картоптың орташа бағасы килограмына 241 теңгені құрады. Ең қолжетімді бағалар Павлодар қаласында – 177 теңге, Қостанай қаласында – 194 теңге деңгейінде тіркелді.

Қызанақтың орташа республикалық бағасы 1 килограмына 546 теңгені құрады. Ең қолжетімді баға Тараз қаласында – 315 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сурет: stat.gov

27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды
19 тамыз, 14:36
Шымкент мектептері жаңа оқу жылына дайын