jasqazaq.kz

Қазақстан туристер үшін ең қауіпсіз елдердің қатарына енді

18 тамыз, 16:07

Жапония, Канада, Швейцария және Австралия Қазақстанмен бір санатта.
Қазақстан АҚШ Мемлекеттік департаментінің саяхатшыларға арналған ұсынымдарындағы бірінші санатта – Level 1 деңгейде қалып отыр. Бұл Travel Advisory төрт сатылы жүйесіндегі – ең төменгі деңгей.
Қазақстан үшін Exercise Normal Precautions – «кәдімгі сақтық шараларын сақтау» ұсынымы қолданылады. Осы ұсыным 2024 жылғы 5 тамызда енген және деңгейі өзгеріссіз сақталған.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің жүйесі барлығы төрт ұсынымды қарастырады.
Level 1 деңгейі кәдімгі сақтық шараларын сақтау қажеттігін білдіреді, Level 2 деңгей – қауіпсіздікті күшейтуді, Level 3 деңгей – сапарға шығу қажеттілігін қайта қарастыруды, ал Level 4 деңгей – елге сапар шекпеуді білдіреді. Сонымен қатар америкалық ведомство кез келген халықаралық сапар кезінде белгілі бір тәуекелдердің болатынын атап өтеді.
Атап айтқанда, қазір Австралия, Канада, Жапония, Швейцария, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Польша, Финляндия, Грекия, Венгрия, Исландия, Оңтүстік Корея, Моңғолия және Өзбекстан Қазақстанмен бір санатта тұр. Бұл елдер үшін де Level 1 деңгей белгіленген.
Сонымен қатар Еуропадағы бірқатар танымал туристік бағыттар екінші сатыда тұр. Франция, Ұлыбритания, Италия, Германия, Испания, Бельгия, Нидерланд және Швеция үшін Мемдепартамент сақтықты күшейтуді ұсынады. Себептері елге байланысты әртүрлі болып келеді және оларға терроризм, қылмыс немесе тәртіпсіздік тәуекелдері кіруі мүмкін.
Мысалы, Level 2 деңгей Франция үшін терроризм және тәртіпсіздік қаупіне байланысты, Италия үшін – терроризмге байланысты, ал Бельгия үшін – қылмыс, терроризм және тәртіпсіздікке байланысты қолданыста болады.
Төртінші, ең жоғары деңгей – Do Not Travel («сапар шекпеу») – атап айтқанда, Ресей, Украина және Беларусь үшін белгіленген. Бұл санатқа Сирия мен Сомали де кіреді.
Ескеретін жайт, Travel Advisory – елдердің қауіпсіздігінің жалпыәлемдік рейтингі емес. Бұл ең алдымен АҚШ азаматтарына арналған және америкалық саяхатшылар шетелде кездесуі мүмкін тәуекелдерді ескеретін Мемлекеттік департаменттің ұсынымдары.
Осылайша, Мемлекеттік департаменттің қолданыстағы жүйесі бойынша Қазақстан саяхатшылар үшін ең төменгі ескерту деңгейінде – Австралия, Канада және Жапонияны қоса алғанда, бірқатар танымал туристік бағыттармен қатар тұр.

04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді