jasqazaq.kz

Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмасу туралы уағдаласты

08 қыркүйек, 10:37

7 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов Бейжіңге жұмыс сапарымен барып, «Орталық Азия — Қытай» форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің кездесуіне қатысты. Министрлер өңірлік қауіпсіздік, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа және басқа да қазіргі заманғы қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады, леп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар аясында Ержан Саденов Қытай Халық Республикасының қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунмен екіжақты кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан-Қытай арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен бірлескен жұмыстың алдағы бағыттарын талқылады. Екіжақты кездесу нәтижесінің бірі — Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасында «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылуы.

Құжатқа қол қою арқылы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық тетіктерін қалыптастыру бойынша ұзақ уақыт жүргізілген бірлескен жұмыс аяқталды. Келісім екі елдің құзыретті органдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға, туындайтын қатерлерге жедел ден қоюға және халықаралық орталық аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Екіжақты келіссөздердің тағы бір нәтижесі — Қазақстан мен Қытай азаматтарының ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және алмасу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілуі. Бұл екі ел азаматтары үшін тиісті рәсімдерді жеңілдетіп, өзара сапарларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Қытайдың қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және ортақ мәселелерді шешуге бағытталған.

Сурет: ІІМ баспасөз қызметі

07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі
30 қыркүйек, 14:40
Шымкенттегі медициналық инфрақұрылым: жаңа нысандар бой көтереді
29 қыркүйек, 15:58
Шымкентте бұқаралық спортқа басымдық берілуде
28 қыркүйек, 14:29
Шымкент: Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде