jasqazaq.kz

Қазақстан Emirates SkyCargo үшін Орталық Азиядағы алғашқы бағытқа айналды

19 маусым, 19:06

Алматы әуежайына Emirates SkyCargo компаниясының алғашқы жүк рейсі келіп қонды. Осылайша Қазақстан Emirates SkyCargo үшін Орталық Азиядағы алғашқы бағытқа айналды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Асель Жанасова мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа апталық бағыт 100 тоннадан астам жүк сыйымдылығын қамтамасыз етіп, қазақстандық экспорттаушылар мен халықаралық сауда үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар, бұл жоба Қазақстан мен әлемдегі ірі логистикалық хабтардың бірі саналатын Дубай арасындағы көлік-логистикалық байланысты жаңа деңгейге көтереді.

Асель Жанасова Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары аясында Emirates әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізгенін атап өтті. Тараптар авиация, жүк тасымалы және көлік-логистикалық байланыстарды дамыту салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады.

«Бізге көрсетілген сенім мен сындарлы әріптестік үшін әріптестерімізге алғыс білдіремін. Бірлескен жұмыс Қазақстан мен БАӘ арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп сенемін», – деді Асель Жанасова.

JQ-Aqparat

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар