jasqazaq.kz

Қазақстан экономикасы өткен жылы 6,5%-ға өсті

10 маусым, 12:53

2025 жылы экономикалық белсенділікті көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және сауданы қоса алғанда, нақты сектордың негізгі салалары жеделдетті. Мәжілістің жалпы отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары туралы қаржы министрі Мәди Такиев баяндады.
«2025 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан экономикасы оң динамиканы сақтап қалды. ЖІӨ өсімі 6,5% құрады. Өсімге негіз болған салалар: көлік 20,4%-ға, құрылыс 15,9%-ға, тау-кен өнеркәсібі 9,4%-ға және сауда 8,9%-ға өсті. Бұл ретте инфляциялық қысым сақтала отырып, 12,3% деңгейінде қалыптасты. Орташа айлық жалақы нақты мәнде 2%-ға төмендей отырып, 442 мың теңге деңгейінде онықты. Ал жұмыссыздық деңгейі жыл бойы тұрақты сақтала отырып 4,6% деңгейінде болды»,

– деді Мәди Такиев.
Министрдің айтуынша, мемлекеттік борыш белгіленген дәліз бойында тұр. Жыл қорытындысы бойынша, ол жалпы ішкі өнімнің 22,8%-ын немесе 36,4 трлн теңгені құрады. Бұл ретте ЖІӨ көлемі – 159,6 трлн теңге.
«Ұлттық қордың активтері 2025 жылдың аяғында $73,8 млрд болды, оның ішінде валюталық қордың активтері – $63,9 млрд. Бұл сомада “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы бойынша қарастырылған $1,57 млрд мөлшеріндегі нысаналы талаптар жоқ», — деп атап өтті министр.

JQ-Aqparat

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар