jasqazaq.kz

Қазақстан егеменді панда-облигациялардың екінші шығарылымын сәтті орналастырды

07 қыркүйек, 21:08

Бүгін, 7 қыркүйекте еліміздің қаржы министрлігі Қытай қор нарығында жалпы көлемі 6,6 млрд юань болатын егеменді панда-облигациялардың екінші шығарылымын жүзеге асырды, деп хабарлайды jasqazaq.kz

Қаржы министрлігі мәліметінше, облигациялар екі траншпен орналастырылды:
– жылдық мөлшерлемесі 1,82% болатын 5 млрд юань көлеміндегі үш жылдық облигациялар;
– жылдық мөлшерлемесі 1,95% болатын 1,6 млрд юань көлеміндегі бес жылдық облигациялар.

Қазақстан Қытай нарығында кредиттік рейтингі жоғары «А» санатындағы елдермен салыстырылатын шарттармен қаржы тартты. Инвесторлардың жоғары қызығушылығы елімізде экономиканы әртараптандыруға және оның орнықтылығын арттыруға бағытталған реформалардың оң бағаланғанын көрсетеді.

Шығарылым S&P рейтингтік агенттігі Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін «BBB-»-тен «BBB»-ге, «Тұрақты» болжамымен көтергеннен кейін жүзеге асырылды. Мемлекеттік борыш көлемі ЖІӨ-нің 20,9%-ын, ал сыртқы мемлекеттік қарыз 4,5%-ын құрайды. Бұл әлемдегі ең төмен көрсеткіштердің бірі.

Орналастыру қаржыландыру көздерін кеңейтуге, борыш портфелін әртараптандыруға және Қазақстанның юаньмен егеменді кірістілік қисығын қалыптастыруға ықпал етеді.

JQ-Aqparat

Сурет: қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу