jasqazaq.kz

«Қазақмыс» кеніштердің өндірістік және тұрмыстық инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруда

15 маусым, 16:17

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Жезқазған өңірінің өндірістік алаңдарында жұмыс кездесулерінің сериясын өткізді. Нәтижесінде өндірістік үдерістің сенімділігін арттыруға, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға және кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған бірқатар шешім қабылданды.
Оңтүстік Жезқазған және Батыс Жезқазған кеніштерін аралау барысында кәсіпорындарды материалдармен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету, жөндеу жұмысын ұйымдастыру, өндірістік және тұрмыстық инфрақұрылымның жай-күйі, сондай-ақ техниканы одан әрі жаңарту мәселелері қаралды.
Өндірістік бөлімшелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өздігінен жүретін жабдықтарды жөндеуге 6,7 млрд теңге бөлінді.
Жұмыскерлердің тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылды. Оңтүстік Жезқазған кенішінде №65 шахтаның тұрмыстық корпусын жөндеу және ауданы 2,9 мың шаршы метрді құрайтын әкімшілік-тұрмыстық комбинаттың шатырына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.     Батыс Жезқазған кенішінде №73–75 шахталарының әкімшілік-тұрмыстық кешені мен жылы өткеліне жөндеу жұмысы жүргізіледі, сондай-ақ №67 шахтаның жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелері жаңартылады.
Өндірістік активтерді жаңғырту бағдарламасы аясында компания тау-кен-шахталық техникасы паркін жаңарту бойынша қолданыстағы тәсілдерді  қайта қарауда. Пайдалану барысында тиімділігін дәлелдемеген жабдықтарды сатып алудан бас тарту туралы шешім қабылданып, жоғары сенімділік пен сапалы сервистік қолдауды қамтамасыз ететін әлемдік жетекші өндірушілердің техникасын сатып алуға басымдық берілетін болды.

Осы мақсатқа 9,9 млрд теңге бөлініп, 19 бірлік өздігінен жүретін бұрғылау қондырғысы сатып алынады. Жыл соңына дейін 8 бұрғылау қондырғысын жеткізу күтілуде. Сонымен қатар өндірістік алаңдар үшін жалпы құны 2,5 млрд теңге болатын 25 заманауи реанимобиль сатып алынды. Оларды жыл соңына дейін жеткізу жоспарланған.
Ішкі үдерістердің тиімділігін арттыруға қатысты жеке тапсырмалар блогы пысықталуда. Атап айтқанда, қажетті оқыту курсынан өткеннен кейін кәсіпорын қызметкерлерінің өз күшімен жоғары қысымды жуу аппараттарына қызмет көрсетуін ұйымдастыру және соған сәйкес қосымша төлем енгізу мүмкіндігі қарастырылуда.
Еңбек ұжымымен өткен кездесу барысында жұмыскерлерді арнайы киіммен, жеке қорғаныс құралдарымен және ыстық тамақпен тұрақты қамтамасыз  ету мәселесі расталды. Кәсіпорындардың тұрмыстық жағдайын жақсартуға, көлікпен қамтамасыз етуге және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғасуда.

Жұмыс сапарының қорытындысында Руслан Өскенәлі қабылданған барлық шешім жұмыскерлер мен өндірістің тиімділігі үшін нақты практикалық нәтиже беруі тиіс екенін ерекше атап өтті.
«Біздің міндетіміз — тек өндірістік жоспардың орындалуын қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар адамдарға еңбек ету үшін лайықты жағдай жасау. Барлық көтерілген мәселе нақты шешімін тауып, басшылықтың тұрақты бақылауында болуы тиіс», — деді Басқарма төрағасы.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
Бүгін, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін
01 шiлде, 15:54
Рухани құндылықты сақтаудың жаңа кезеңі: Алматыда ұлттық мұра цифрлық форматқа көшірілу
01 шiлде, 13:32
ҚМГ мен Chevron геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды
01 шiлде, 8:54
Жаңа дәуір басталады: Мемлекет басшысы Жаңа Конституциясының күшіне енуіне орай үндеу жасады
30 маусым, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы