jasqazaq.kz

Қазақмыс байыту фабрикаларындағы ұсақтау жабдықтарына цифрлық мониторинг жүйесін енгізуде

23 маусым, 12:19

«Қазақмыс» Тобы Жезқазған және Балқаш байыту фабрикаларындағы ұсақтау жабдығын бақылау жүйесін жаңғырту жобасын жүзеге асыруда. Жаңа цифрлық шешім жабдықтың жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға, ықтимал ақауды дер кезінде анықтауға және өндірістік үдерістің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жоба компания кәсіпорындарын технологиялық жаңғырту бағдарламасының бір бөлігі болып табылады және жабдықты пайдалану тиімділігін арттыруға, жоспардан тыс тоқтап қалу тәуекелін азайтуға әрі болжамды қызмет көрсету құралдарын дамытуға бағытталған.

Жезқазған байыту фабрикасында жаңғырту жұмысы толық аяқталды. Орташа және ұсақ бөлшектеу бөлімдеріндегі жабдықтардың жұмысы туралы дерек нақты уақыт режимінде бірыңғай диспетчерлік мониторинг жүйесіне түсіп отырады. Бұл жабдықтың техникалық жағдайын жедел бақылауға және оларға қызмет көрсету бойынша шешімді дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді.

Балқаш байыту фабрикасында жоба қарқынды іске асырылуда. Қазіргі уақытта басқару шкафтары құрастырылып жатыр. Одан кейін жабдықты монтаждау, бағдарламалық жабдықтаманы баптау, сондай-ақ электр қозғалтқыштарының температурасы, дірілі мен жүктемесін бақылайтын заманауи бақылау құралы орнатылады. Жобаны аяқтау 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған.

Жоба аяқталғаннан кейін екі фабрикада да ұсақтау жабдығының жұмысына үздіксіз цифрлық мониторинг жүргізіледі. Жүйе механизмдердің жұмысындағы ауытқуды ерте кезеңде анықтауға, ақаудың дамуына жол бермеуге, апаттық жөндеу көлемін азайтуға және жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартуға ықпал етеді.

Жоба байыту фабрикаларының өндірістік тұрақтылығын қамтамасыз ету тұрғысынан ерекше маңызға ие. Себебі ұсақтау жабдығының сенімді жұмысы өндірістік үдерістің үздіксіздігі мен жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына тікелей әсер етеді.

Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу өндірістік активтерді жаңғырту бағдарламасының маңызды бағыты болып табылады. Қазақмыс жабдықтың сенімділігін, өндірістік қауіпсіздікті және кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған өндірістік мониторинг пен автоматтандыру технологияларын кезең-кезеңімен енгізіп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде