jasqazaq.kz

Қаржы пирамидасына 160 млн теңге қаражат тартқан: «The Finiko» басшысы Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

14 қыркүйек, 11:54

ҚМА-ның Алматы қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен бірлесіп, 2022 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген «The Finiko» құрылымдық бөлімшесінің басшысын Түркиядан елге қайтарды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында «The Finiko» ешқандай нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызмет жүргізбегені анықталды. Бұрын тартылған қатысушыларға төлемдер жаңа салымшылардан түскен қаражат есебінен жасалған. Осы тәсіл табыс түсіп жатқандай көрініс туғызып, азаматтардың қаражатын одан әрі тартуға мүмкіндік берген.

Күдіктінің заңсыз әрекеті салдарынан қаржы пирамидасына салымшылардың 160 млн теңгеден астам қаражаты тартылған.

Сонымен қатар, сотқа дейінгі тәркілеу аясында күдіктіге тиесілі құны 221 млн теңге болатын жер телімі мемлекет кірісіне алынды.

Бұған дейін осы қылмыстық іс бойынша үш адам мүлкі тәркіленіп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Тергеу жалғасып жатыр.

Сурет:ҚМА/видеодан кадр

Бүгін, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу