jasqazaq.kz

Қарағанды облысында жаңғыртудан өткен үш теміржол вокзалы пайдалануға берілді

01 шiлде, 19:24

Қарағанды облысында вокзалдарды жаңғырту бағдарламасы аясында Нұра, Қарағанды-Сұрыптау және Жаңа Қарағанды станцияларындағы теміржол вокзалдары, сондай-ақ Шет ауданындағы Айса станциясының жолаушылар платформасы пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқа бағдарламаға облыстан 14 теміржол вокзалы мен жолаушылар платформасы енген болатын. Бүгін пайдалануға берілген нысандар алғашқылардың бірі. Жоба жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, қолайлы жағдай жасауға және көлік инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай жаңғыртуға бағытталған.

Жұмыс барысында ғимараттың қасбеті мен ішкі үй-жайлары толық жаңартылды, инженерлік желілер, жылыту, сумен жабдықтау және электрмен жабдықтау жүйелері жаңғыртылды. Вокзалда заманауи күту аймақтары жасалып, навигация жақсартылды, жүріп-тұруы шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілді.

Жаңғыртылған маңызды нысандардың бірі – 1965 жылы салынған Қарағанды-Сұрыптау станциясының вокзалы. Ұзақ жылдар пайдаланылған ғимарат кешенді жаңартуды қажет етті. Бүгінде вокзал толықтай жаңғыртылып, заманауи талаптарға сәйкес келтірілді. Бұл станция арқылы тәулігіне 21 жолаушылар пойызы қатынайды.

Өңірде теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жаздың соңына дейін Балқаш-2, Мойынты, Ақадыр, Дария, Жарық, Мырза және Сарыбел станцияларындағы вокзалдарды, сондай-ақ Теміртау мен Сарышаған станцияларындағы жолаушылар платформаларын қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр.

Жалпы, Қазақстан бойынша жаңғырту бағдарламасы аясында 124 теміржол вокзалы қайта жаңартылуда. Бұл жұмыстар көлік қызметтерінің сапасын арттыруға, өңірлік инфрақұрылымды дамытуға және жолаушылар үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.

Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді