jasqazaq.kz

Кения – Африкадағы маңызды серіктес

20 мамыр, 13:10

Мемлекет басшысы елімізге мемлекеттік сапармен келген Кения Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  
Қасым-Жомарт Тоқаев Уильям Рутоға Астанаға бизнесмендерден құралған үлкен делегацияны бастап сапармен келгені үшін ризашылығын білдірді.
«Бұл мемлекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екеніңізді көрсетеді. Кения – Африкадағы өте маңызды серіктесіміз. Сіздің еліңіз құрлықта саяси және экономикалық тұрғыдан қарқынды дамып келеді. Көптеген бағытта ықпалдастығымызды кеңейтудің тың мүмкіндіктері бар. Біз бұған қуаныштымыз. Оны табысты түрде ілгерілете алатынымызға сенімдімін. Бүгін екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық перспективасын талқылаймыз. Найроби Африкадағы халықаралық орталық ретінде танылғаны мәлім. Онда БҰҰ жүйесіндегі ұйымдар орналасып, тұрақты жұмыс істеп келеді. Осыған байланысты Қазақстан Найробиде елшілік ашу туралы шешім қабылдаған болатын», – деді Қазақстан Президенті.

Уильям Руто Кения Қазақстанды сауда мен инвестицияны дамытудағы маңызды логистикалық хаб ретінде қарастыратынын атап өтті.
«Қазірдің өзінде елдеріміз арасындағы тауар айналымында өсім байқалады. Біз Қазақстан арқылы негізгі ауылшаруашылық өнімдерімізді Еуразия нарығына экспорттауға ниет танытып отырмыз. Сапар аясында елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге қажетті құқықтық негіз қалап, тың мүмкіндіктерге жол ашатын бірқатар құжатқа қол қоямыз», – деді Кения Президенті.

JQ-Aqparat

Сурет: aqprda_resmi

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар