jasqazaq.kz

Картамен бал ашатын әйел пәтерінде есірткі өсірген (Видео)

11 маусым, 15:47

«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полиция қызметкерлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады. Бұл туралы Астана қалалық полиция депортаментіне сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлады.

Тексеру барысында өзін таролог ретінде таныстырып, үйінде түрлі рухани тәжірибелер мен Таро карталары арқылы бал ашу сеанстарын өткізген 54 жастағы қала тұрғынының пәтерінде шағын фитозертхана ұйымдастырғаны белгілі болды.

Әйел құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру үшін жатын бөлмедегі шкафты арнайы жабдықтап, оған жасанды жарық шамдарын және өзге де қажетті құралдарды орнатқан.
Тінту барысында полиция қызметкерлері бірнеше түп марихуана бұтасын және оларды өсіруге пайдаланылған жабдықтарды анықтап, тәркіледі.

Сонымен қатар медициналық куәландыру қорытындысы бойынша әйел адамның есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Табылған өсімдіктер мен жабдықтар тәркіленді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес
жазаланатынын ескертеді.

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар