jasqazaq.kz

Jibek Joly телеарнасында жеті саяси партия командалық теледебатқа шықты

12 тамыз, 20:53

Jibek Joly телеарнасында Қазақстан тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партиялар өкілдерінің командалық теледебаты басталды.
Кеше өткен ашық жеребенің қорытындысына сәйкес, партия командаларының сөз сөйлеу кезегі төмендегідей белгіленді:

  1. «Ақ жол» – Бек-Мұхамед Жәукебаев және Ермек Әбілдин;
  2. ОСДП – Лариса Ли және Нұрайнаш Камалова;
  3. «Әділет» – Айжан Аймағанова және Мәди Мырзағараев;
  4. Қазақстанның халық партиясы – Жандос Бидайбеков және Ирина Смирнова;
  5. «Ауыл» – Жазира Сұлтанқұлова және Ерболат Саурықов;
  6. «Байтақ» – Амалбек Өміртай және Алмат Тұртаев;
  7. Respublica – Олжас Кұспеков және Динара Шүкіжанова.

Дебат басталар алдында Астанадағы «Қазмедиа орталығының» фойесінде саяси пікірталасқа қатысушыларды қолдау көрсетуге келген жақтастары қарсы алды.
Дебаттың негізгі тақырыбы – «Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанның негізі». Пікірталастың өзегінде «Заң мен тәртіп» қағидаты және оның әділетті қоғам қалыптастырудағы рөлі тұр.
Пікірсайыс төрт кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қатысушылар қарсыластарының сайлауалды бағдарламаларына талдау жасайды. Әр партияға 2,5 минуттан уақыт беріледі.
Екінші кезеңде партия өкілдері журналистер мен көрермендердің сұрақтарына жауап береді. Әр жауаптың ұзақтығы 90 секундтан аспайды.
Үшінші кезеңде қатысушылар қарсыластарына сұрақ қойып, өз ұстанымдарын дәлелдеуге мүмкіндік алады. Бұл кезеңде жауап беруге екі минут уақыт қарастырылған.
Дебаттың қорытынды бөлімінде әр қатысушы өз партиясының атынан «Уәде» форматында жария міндеттеме алады. Осы кезеңде партия өкілдері Құрылтайға сайланған жағдайда алдағы бес жыл ішінде халық үшін нақты қандай жұмыстар атқаратынын және сайлаушылар алдында қандай міндеттемелер алатынын айтады.
Дебатқа көрермендер де белсенді қатыса алады.
Тікелей эфир барысында олар экрандағы QR-кодты сканерлеу арқылы немесе +7 700 101 40 00. WhatsApp нөміріне хабарлама жіберіп, қатысушыларға сұрақ қоя алады. Көрермендерден келіп түскен сұрақтар тікелей саяси партия өкілдеріне қойылады.
Сонымен қатар дебат барысында Jibek Joly телеарнасының тапсырысы бойынша Қазақстанның қоғамдық даму институты ұйымдастырған онлайн-сауалнама жүргізілуде.
Сауалнаманың негізгі сұрағы: «Қай саяси партия спикерінің сөзі сізге көбірек ұнады?»
Дауыс беруге қатысу үшін смартфон камерасын экранда көрсетілген QR-кодқа бағыттау қажет.
Теледебаттың тікелей эфирін Instagram, Facebook және YouTube платформаларынан көруге болады.

07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады