jasqazaq.kz

«JAS GALA – 2026»: Алматыда үздік студенттер марапатталды

Бүгін, 16:33


Алматы қаласында жастар шығармашылығын қолдауға бағытталған JAS GALA фестивалі өз мәресіне жетті. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Алматы студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен өткен байқау биыл қала жастары үшін ірі шығармашылық алаңдардың біріне айналды.
2026 жылғы 23 мамырда теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан халықаралық «Сункар» шаңғы трамплиндері кешенінде фестивальдің финалы мен салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
JAS GALA шығармашылық байқауы 2026 жылғы 31 наурызда басталып, талантты жастардың кәсіби дамуына, шығармашылық әлеуетін арттыруға және мәдени-рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Фестиваль вокал, хореография, театр, аспаптық орындау және мобилография бағыттары бойынша өтті. Байқау жоғары оқу орындары ішіндегі және қалалық кезеңдерді қамтыды. Жалпы жобаға Алматы қаласындағы 26 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты.
«Бүгінгі жастар – елдің болашағы ғана емес, қазіргі қоғамның қозғаушы күші. Сіздердің өнерге, шығармашылыққа және жаңа идеяларға деген ұмтылыстарыңыз Алматы жастарының деңгейін жаңа белеске көтеруде. Мұндай алаңдар талантты жастарды біріктіріп, өз қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Бастапқыда шағын жоба болған бастама бүгінде шамамен 5000 студентті біріктірген ауқымды фестивальге айналды. Барша қатысушыларға табыс, шабыт және жаңа жетістіктер тілеймін. Лайықты марапаттарыңызбен құттықтаймын!», – деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.
Байқаудың барлық кезеңінде қатысушыларды Қазақстанның танымал мәдениет және өнер қайраткерлері бағалады. Олардың қатарында Айжан Нұрмағамбетова, Болат Әбілманов, Асет Иманғали, Байғали Есенәлиев және басқа да сарапшылар бар. Фестивальдің жалпы жүлде қоры 7 500 000 теңгені құрады. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар, ал арнайы номинация иелеріне бағалы сыйлықтар табысталды.
Байқау қорытындысы бойынша:
— «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иегері Narxoz University студенті Мархаен Манус болды;
— «Хореография» номинациясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Primerose» ұжымы үздік деп танылды;
— «Театр» бағыты бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «БІЗ» студенттік театры жеңіске жетті;
— «Мобилография» номинациясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Өмірзақ Ғайни бірінші орынды иеленді.
«Фестиваль барысында жастардың шығармашылық ізденістері, сахналық мәдениетінің жоғары деңгейі және өнерге деген шынайы қызығушылығы айқын көрінді. JAS GALA-ның тек байқау ғана емес, талантты жастарды біріктіретін ірі мәдени платформаға айналып келе жатқанына қуаныштымыз», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Бүгін, 18:28
В Туркестанской области более 35 тысяч выпускников завершили обучение
21 мамыр, 18:30
В Туркестане обсудили итоги саммита и экономику региона
21 мамыр, 18:28
Данияр Әлиев: Ұлттық мәдениет – ұлттың тарихи жадын сақтайтын рухани құндылық
21 мамыр, 16:56
Жанат Шардарбекова: Библиотека - культурное пространство, объединяющее представителей разных поколений
21 мамыр, 16:46
Әділ Әуелбеков: Равенство в качестве образования — главный показатель гармоничного развития
21 мамыр, 16:15
Қуаныш Бақытұлы: Алматы облысы - инвестиция тартуда белсенді өңірлердің бірі
20 мамыр, 21:15
Алтын Орда мұрасы: әлемнің жетекші ғалымдары Астанада Қарар қабылдады
20 мамыр, 15:12
Алматыда жылу желісін жасанды интеллект бақылайды
20 мамыр, 14:05
Туркестанская область усиливает инвестиционную привлекательность