jasqazaq.kz

ІШКІ ТУРИЗМНІҢ ЖАҢА ОРТАЛЫҒЫ АЛАКӨЛ БИЫЛ 2 МЛН ТУРИСТ ҚАБЫЛДАЙДЫ

07 шiлде, 17:29

Алакөл бүгінде Қазақстандағы ең танымал туристік бағыттардың біріне айналды. Жыл сайын көл жағалауына келетін демалушылар саны артып, өңірдің туристік әлеуеті күшейіп келеді. 2026 жылы өңірге рекордтық 2 миллион турист келеді деп күтілуде. Табиғатының көркемдігі, емдік қасиеті бар суы және жаңарып жатқан инфрақұрылымы Алакөлді отандық туристер үшін тартымды демалыс орнына айналдырды.
Алакөлдің басты ерекшелігінің бірі – минералдарға бай суы мен ерекше табиғаты. Мамандардың айтуынша, көл суы мен жағалауындағы климат ағзаны қалпына келтіруге қолайлы. Сондықтан мұнда тек демалып қана қоймай, денсаулығын нығайту мақсатында келетіндер де аз емес. Туризмнің дамуы өңір экономикасына да оң әсерін тигізуде. Жаңа жұмыс орындары ашылып, шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Жергілікті кәсіпкерлер туристерге арналған қызмет түрлерін кеңейтіп, ұлттық тағамдар, экскурсиялар, судағы ойын-сауық пен белсенді демалыс бағыттарын ұсынуда.
Соңғы жылдары Алакөлге жету де әлдеқайда жеңілдеді. Туристік маусымда теміржол бағыттарының саны көбейіп, әуе рейстері ұйымдастырылып, автожолдар жаңғыртылуда. Бұл еліміздің түкпір-түкпірінен келетін демалушылар үшін қолайлы жағдай қалыптастырды.
Алакөлдің дамуы цифрлық технологиялармен де тығыз байланысты. Өңірді дамытудың мастер-жоспары бойынша заманауи туристік-рекреациялық аймақ құру көзделген. Жоба тәулігіне 75 мың турист қабылдай алатын инфрақұрылым қалыптастыруды қамтиды. Оның ішінде жағалауды нығайту, көшелерді абаттандыру, көлік жүйесін жетілдіру, цифрлық сервистерді енгізу және тұрақты интернетпен қамтамасыз ету қарастырылған.

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды