jasqazaq.kz

ІІМ жеке үйдегі есірткі зертханасын жойды: синтетиканың 125 мың дозасының таралуына жол берілмеді

Бүгін, 12:32

Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы кезекті ірі соққы жасады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы облысының Қарасай ауданында жасырын есірткі зертханасы анықталып, жойылды. 29 жастағы күдікті жеке үйді синтетикалық есірткі өндіретін зертханаға айналдырған. Қажетті жабдықтар мен химиялық реагенттерді жеткізу, сондай-ақ есірткі дайындау процесі интернеттің көлеңкелі сегменті арқылы жүргізілген. Тінту кезінде 28 килограмнан астам α-PVP, 880 литр прекурсор және арнайы зертханалық жабдықтар тәркіленді. — Дайын синтетика өндірілген алғашқы партия болған. Оның көлемі шамамен 125 мың бір реттік дозаға тең. Полицияның жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында бұл заттардың ешқайсысы заңсыз айналымға түскен жоқ. Осылайша мыңдаған адамның есірткіге тәуелді болуына жол берілмеді. Халық денсаулығына келер зиян тоқтатылды. Іс жүзінде өңірдегі криминогендік ахуалға елеулі қауіп төндіретін «есірткі орталығы» жойылды. Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Баптың санкциясы өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына дейін көздейді. Ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарына қарсы күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтеді. Есірткі өндіру мен оны сатуға қатысты кез келген әрекет қатаң түрде тоқтатылатын болады, — деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка
10 маусым, 14:04
В Туркестане стартовал «Летний книжный Fest»