jasqazaq.kz

ІІМ: ШҚО-да алтынды заңсыз өндіру әрекетінің жолы кесілді (Видео)

Бүгін, 12:18

Ішкі істер министрлігі бағалы металдардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимылды, оларды заңсыз өндіру фактілерінің жолын кесуге, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы қылмыстық схемаларды анықтауға бағытталған іс-шаралар кешенін тұрақты негізде жүзеге асырып келеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында Шығыс Қазақстан облысының аумағында полиция қызметкерлері жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің заңды қызметін бүркемелей отырып, құрамында алтыны бар шикізатты заңсыз өндіру мен өңдеуді ұйымдастырған адамдар тобының заңсыз әрекетінің жолын кесті. Жедел іс-шараларды жүргізу барысында құқыққа қайшы схеманы ұйымдастырушылар мен басшыларын қоса алғанда 63 адам, сондай-ақ өңір аумағында заңсыз қызметпен айналысқан шет мемлекеттің 13 азаматы ұсталды. — Жүргізілген тінту шараларының нәтижесінде бірнеше автокөлік пен арнайы техника, ірі көлемдегі қаражат, оның ішінде 40 мың АҚШ долларынан астам қаржы, құрамында алтыны бар шикізат пен алтын, сондай-ақ заңсыз қызметті растайтын құжаттар мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру нәтижесінде қоршаған ортаға елеулі залал келтірілген. Заңсыз қызмет топырақ жамылғысының бұзылуына, табиғи ландшафттың өзгеруіне, жердің бүлінуіне және өңірдің экожүйесіне өзге де теріс әсерлердің туындауына әкеп соққан. Келтірілген экологиялық залалдың мөлшері тағайындалған сараптамалар шеңберінде анықталуда. Бағалы металдардың заңсыз айналымы фактісі, сондай-ақ қылмыстық заңнаманың өзге де баптары, оның ішінде қоршаған ортаға зиян келтіруге байланысты құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Олардың түпкілікті құқықтық саралануы тергеп-тексеру нәтижелері бойынша берілетін болады. Қазіргі уақытта жасалған қылмыстың барлық мән-жайларын анықтауға, заңсыз схеманың өзге де қатысушыларын әшкерелеуге, сондай-ақ құқық бұзушылыққа қатысы бар барлық адамдарды заңда белгіленген жауаптылыққа тартуға бағытталған тергеу және жедел іс-шаралар кешені жүргізілуде, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Бүгін, 13:16
Президент: Халық Кеңесі – тарихымызда алғаш рет конституциялық деңгейде құрылған диалог алаңы
Бүгін, 13:11
Президент: Электрондық Парламентті қалыптастыруға және дамытуға көп күш-жігер жұмсауымыз қажет
Бүгін, 12:51
Президент: Отыз жылдың ішінде 3,5 мыңға жуық аса қажетті заң қабылданды
29 маусым, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
29 маусым, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды