jasqazaq.kz

ІІМ: шетелде іздеуде жүрген 80 адам анықталып, олардың 47-сі ұсталды

10 маусым, 10:15

Жыл басынан бері Қазақстанның құқық қорғау органдары іздестіріп жүрген 80 адам шетелде анықталып, олардың 47-сі ұсталды. Сонымен қатар республика аумағында шет мемлекеттердің бастамасымен іздеуде жүрген 371 адамның жүрген жері анықталды. Олардың 107-сі қолға түсті, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астанада криминалдық полиция қызметкерлері аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол Алматы қаласында тұрғын үй кешенін салу сылтауымен үлескерлердің ақшасын заңсыз иемденген. Келтірілген шығын көлемі шамамен 1,5 миллиард теңгені құрайды.

Алматыда Қазақстан Республикасы ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Хорватияның құқық қорғау органдарымен халықаралық іздеуге жарияланған шетел азаматы ұсталды. Ол ақша жымқыру және оны заңдастырумен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Алдын ала мәлімет бойынша келтірілген шығын көлемі шамамен 30 миллион еуроны құрайды.

Тбилисиде Қазақстан ІІМ-нің сұрауы бойынша халықаралық іздеуде жүрген ҚР азаматы ұсталды. Қазіргі уақытта оны елге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Ол автокөлік сату барысында бірнеше алаяқтық әрекет жасап, жәбірленушілерге 118 миллион теңгеден астам шығын келтірді деген күдікке ілінген.

Молдова аумағында Қазақстанның құқық қорғау органдарының бастамасымен халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды. Тергеу мәліметінше, ол Қарағанды облысындағы есірткі зертханасының қызметін криптовалюта аударымдары мен мессенджерлер арқылы үйлестіріп, қаржыландырған. Бұған дейін аталған зертхана жойылып, заңсыз айналымнан есірткі заттары, жабдықтар және прекурсорлар тәркіленген болатын. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық жауапкершіліктен жасырынып жүрген адамдарды анықтау, іздестіру және ұстау жұмыстарын ел аумағында да, шетелде де жалғастыратын болады.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар