jasqazaq.kz

ІІМ интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырып, күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбеуге кеңес берді

31 шiлде, 10:29

Ішкі істер министрлігі азаматтарды дипфейк технологиялары мен жалған брокерлер арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтан сақ болуға шақырып, күмәнді инвестициялық ұсыныстарға сенбеуге кеңес берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы уақытта Қазақстан Республикасының аумағында түрлі жобаларға инвестиция салу және ақша енгізу сылтауымен жасалатын интернет-алаяқтық фактілері жиілеп кетті. Қаскөйлер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде дипфейк (жасанды интеллект) технологияларын пайдаланып, танымал тұлғалардың бейнелерін қолдану арқылы азаматтарды түрлі инвестициялық жобалар мен қорларға қаражат салуға үгіттейді. Бұл ретте олар азаматтарға жылдам әрі кепілдендірілген табыс табуға уәде береді.

Жалған брокерлермен байланысқа шыққан кезде олар мобильді қосымшаларды орнатуды, сілтемелерге өтуді немесе ақшаны «инвестиция», «аккаунтты тіркеу» не «табысты ұлғайту» деген желеумен үшінші тұлғалардың шоттарына аударуды ұсынады. Әдетте, ақша аударылғаннан кейін жалған брокерлермен байланыс үзіліп, уәде етілген табыс түспейді. Кейбір жағдайларда алаяқтар «салықтарды», «алымдарды» немесе «сақтандыру жарналарын» төлеу қажеттігін алға тартып, азаматтардан қосымша ақша талап етуді жалғастырады. Барлық анықталған факті бойынша ІІМ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау, сондай-ақ алаяқтық интернет-ресурстар мен ақша қаражатын шығаруға арналған арналарды бұғаттау жөнінде шаралар қабылдауда.

Осыған байланысты киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті азаматтарды қырағы болуға және мынадай қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады: «кепілдендірілген» табыс туралы ұсыныстарға сенбеу; белгісіз адамдарға және күмәнді шоттарға ақша аудармау; күмәнді сілтемелерге өтпеу және тексерілмеген көздерден қосымшаларды орнатпау; компаниялар туралы ақпаратты тек ресми дереккөздер мен мемлекеттік тізілімдер арқылы тексеру; инвестиция салуды жоспарлаған жағдайда инвестициялық нарықты зерделеп, тексерілген компаниялардың ресми кеңселеріне ғана жүгіну.

Егер сіз интернет-алаяқтықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай фактілер туралы ақпаратқа ие болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша ішкі істер органдарына немесе «102» арнасына дереу хабарласуыңызды сұраймыз.

Сурет: Polisia.kz

Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты