jasqazaq.kz

ІІМ: Елдегі жағдай тұрақты, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ

23 тамыз, 10:36

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, полицияның басты міндеті – дауыс беру басталғаннан аяқталғанға дейін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«Барлық дайындық алдын ала жүргізілді. Сайлау учаскелерінің қауіпсіздігі тексеріліп, олар тәулік бойы күзетке алынды. ІІМ-де жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Елдің барлық өңірінен ақпарат үздіксіз, онлайн режимде түсіп отыр. Қазіргі уақытта елдегі жағдай тұрақты. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактілері тіркелген жоқ», – деді ол онлайн-марафон аясында ОКҚ алаңында өткен брифингте.

ҚР ішкі істер министрлігінің ресми өкілі полиция сайлау процесіне араласпайтынын атап өтті. Полиция қызметкерлері дауыс беру залына сайлау комиссиясының төрағасы шақырған жағдайда ғана кіре алады.
JQ-Aqparat
Сурет: polisia.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар