jasqazaq.kz

ІІМ діни-экстремистік идеяларды жамылған 22 қылмыстық топтың қызметін тоқтатты

15 қыркүйек, 10:49

ІІМ діни-экстремистік идеяларды жамылған 22 қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Олар бопсалаумен, алаяқтықпен, тонаумен айналысқан, браконьерлікпен және есірткі өткізумен шұғылданған. Қылмыстық әрекеттер жасау үшін атыс қаруын сақтаған. Мұндай топтар елдің әртүрлі өңірлерінде, соның ішінде Алматы қаласында, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында әрекет еткен, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, Алматыда радикалды діни идеяларды ұстанған төрт адам қала тұрғынынан 7,5 млн теңгені ұрлап кеткен. Кінәлілер сот үкімімен 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Петропавлда радикалды діни идеологияны ұстанушы әйел жасаған алаяқтықтың төрт эпизоды ашылды.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 2 млн теңгеден асты. Әйел 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Павлодарда радикалды діни көзқарастарды ұстанатын жергілікті тұрғын алаяқтықтың 17 эпизодын жасаған. Келтірілген залал 8 млн теңгеден асты. Сот оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жалпы, ішкі істер органдары діни экстремизм идеяларын ұстанушылар жасаған пайдакүнемдік-зорлық сипатындағы 155 қылмыстың бетін ашты.

Заңсыз айналымнан 114 атыс қаруы, 3 суық қару, 7 граната, 1600-ден астам оқ-дәрі және 32 келіден астам есірткі тәркіленді. Сонымен қатар полиция экстремистік және террористік қылмыстарды, оның ішінде интернетте радикалды идеологияны таратуды анықтап, жолын кесуде. Ақтөбеде қала тұрғыны әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерін қорлау арқылы діни араздықты жария түрде қоздырған. Ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ақтөбедегі тағы бір жағдайда зорлық-зомбылық акцияларын жоспарлаған радикалды көзқарастағы жас жігіт ұсталды.

Терроризмді насихаттағаны үшін сот оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Түркістан облысында радикалды діни идеологияны ұстанушы ұсталды. Ол интернетте халықаралық террористік ұйым – «Өзбекстан ислам қозғалысының» идеяларын белсенді түрде таратқан. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Діни сенімдер қылмысты, зорлық-зомбылықты және араздықты қоздыруды ақтау үшін негіз бола алмайды.

Сурет: видеодан кадр/polisia.kz

Бүгін, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу