jasqazaq.kz

ІІМ бопсалау және өзге де заңға қайшы әрекеттер фактілері туралы дереу хабарлауға шақырды

09 маусым, 10:29

Полиция жедел-профилактикалық шаралардың нәтижесінде тіркелген бопсалау фактілерінің саны 15% төмендеді. Сонымен қатар аталған қылмыстардың ашылу көрсеткіші іс жүзінде жүз пайыз деңгейінде сақталып отыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәселен, Абай облысында профилактикалық және жедел жұмыстардың нәтижесінде облыс орталығы тұрғындарынан ақша бопсалаумен айналысқан алты адамнан тұратын қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Қабылданған шаралар олардың одан әрі заңсыз әрекеттер жасауына жол бермеді. Барлық күдікті ұсталды.

Павлодар облысында студенттерден ақша бопсалады деген күдікпен екі адам дер кезінде қолға түсті. Полицияның жедел әрекеттері жәбірленушілерге жасалған қысымды тоқтатып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Алматы облысында әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылған бопсалау схемасының жолы кесілді. Полиция қызметкерлерінің уақтылы араласуы қылмыстың әрі қарай жалғасуына жол бермеді. Іске қатысы бар барлық адамдар ұсталып, қамауға алынды.

ІІМ бопсалаудың алдын алу, ескерту және дер кезінде жолын кесу ішкі істер органдары жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтеді. Полиция азаматтарды бопсалау және өзге де заңға қайшы әрекеттер фактілері туралы дереу хабарлауға шақырады. Уақытылы жүгіну қылмыстардың алдын алуға және азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға ықпал етеді.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар