jasqazaq.kz

Халықаралық «Формула-1 H2O» жарысын Қонаев қаласында өткізу жоспарлануда

30 шiлде, 10:47

Әлемге әйгілі судағы «F1H2O» сайысы алдағы 5 жыл бойы Қапшағай су қоймасында өтуі мүмкін. Халықаралық сайыстың ұйымдастырушылары арнайы Алматы облысына келіп, өңір басшысы Марат Сұлтанғазиевпен кездесті. Жиында әлемдік F1H2O ұйымы, iHolding компаниясы және Сауд Арабиясынан келген ресми делегация өкілдері мен Алматы облысының әкімі 2027 жылғы әлем чемпионатын Қонаев қаласында өткізу туралы келісімге қол қойды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазақстан – бұл әлем чемпионатын қабылдайтын алтыншы мемлекет. Жарысқа шетелден кемінде 5 мың қонақ келеді деп күтілуде. Жергілікті тұрғындар мен туристерді қосқанда олардың саны тіптен артады. Сондай-ақ су бетіндегі шеберлік пен жылдамдықты жақсы көретін 1 миллиардқа жуық көрермен жарысты тікелей эфирден тамашалайды деп күтілуде.

«Сауд Арабиясы спорт саласында әлемдегі ең үздік жобаларды іске асырып келеді. Бұл белсенді демалысты дамытып, салауатты өмір салтын сақтауға септігін тигізеді. Жыл сайын Қапшағай су қоймасында «Tengri ultra» марафоны мен «Oceanman» ашық суда жүзу жарысы өткізіледі. Одан бөлек республикалық деңгейдегі түрлі сайыстар ұйымдастырылады. Мұндай халықаралық шаралар туризмді дамытып, өңірдің өркендеуіне жол ашады. Сондықтан біз бұл жобаны бірлесіп іске асыруға дайынбыз», – деді Марат Елеусізұлы.

KSA ProMediaPortal және F1H2O ұйымдарының өкілі әрі басқарма төрағасы Яссер Әли Әл-Ями қазіргі таңда чемпионатқа 11 мемлекет қатысатынын айтты. Бұл талабы жоғары күрделі жарыс болғандықтан, мұнда арнайы дайындықтан өткен командалар ғана бақ сынай алады. Чемпионат барысында көрерменнің қауіпсіздігі толық қамтамасыз етіледі. VIP-аймақтар, жарысты басқару орталығы, командалардың дайындығына арналған аумақ және медиа орталық қарастырылады. Сондай-ақ отбасылық демалысқа арналған орындар да құрылады. Онда еліміздің мәдениеті таныстырылып, ұлттық тағамдар мен кәдесыйлар ұсынылады. Спорт сайысынан бөлек түрлі мерекелік іс-шаралар жанкүйерлер көңілін көтереді. Жарыстың жабылу салтанатында ауқымды гала-концерт өткізіліп, онда әлемге танымал жұлдыздар өнер көрсетеді.

«Бүгінде Сауд Арабиясы мен Қазақстан арасында берік ынтымақтастық орнаған. Біз Алматы облысының даму көрсеткіштерін зерттеп, оның болашағы зор екенін көрдік. Алдағы уақытта бұл аймақ халықаралық бизнес орталығына айналады деп сенеміз», – деді басқарма төрағасы Яссер Әли Әл-Ями.

Демек, алдағы 5 жылда Алматы облысына әлемнің түкпір-түкпірінен спортсүйер жанкүйер ағылып, Қонаев туристер толассыз келетін орталыққа айналады. Чемпионат елімізді дүниежүзіне танытып, оның көркем табиғаты мен мүмкіндіктерін әлемге әйгілейді. Өңірге инвестиция тартуға, инфрақұрылымын жақсартуға және экономиканы ілгерілетуге де зор ықпал етеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде