jasqazaq.kz

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

12 тамыз, 19:05

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді.Жер бедерінің ерекшелігі ескеріліп, тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы жүріп-тұруына ерекше назар аударылды. Биіктік деңгейі әркелкі аумақтардағы өздігінен пайда болған соқпақтардың орнына көркейтілген баспалдақтар салынды.Жаңа баспалдақтар Сұлусай шағынауданында, әл-Фараби даңғылында және Роза Бағланова көшесінде орнатылды. Атап айтқанда, Сұлусай шағынауданында ұзындығы 120 метр металл баспалдақ салынды, әл-Фараби даңғылында екі жағынан жалпы ұзындығы 200 метр болатын баспалдақтар орнатылды, ал Роза Бағланова көшесінде шамамен 40 метр баспалдақ жасалды.

Сонымен қатар жоба аясында Шығыс айналма автомобиль жолының бойындағы және Шығыс айналма автомобиль жолы мен Диваев көшесінің қиылысындағы қолданыстағы баспалдақтар жөнделді.Барлық жұмыс аяқталды. Көркейтілген баспалдақтар Медеу ауданы тұрғындарының күнделікті жүріп-тұруын, әсіресе биіктік айырмасы айқын учаскелерде, барынша қолайлы әрі қауіпсіз етеді.Жалпы Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру аясында қалалық ортаны көріктендіру мен дамытуға бағытталған 30 жоба қарастырылған. Оның ішінде автоматты суару жүйесін орнату арқылы көгалдандыру бойынша 16 жоба, қоғамдық кеңістіктерді көркейту бойынша 8 жоба және аула аумақтарын жөндеу бойынша 6 жоба бар. Сәлеметсіз бе! Сайтқа жариялап жіберсеңіздер

Сурет: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар