jasqazaq.kz

Гүлнұр Мамасарипова: Барлық келін секілді мен де қатты қиналдым

13 желтоқсан 2023, 15:24


Танымал продюсер, медиа-менеджер Гүлнұр Мамасарипова алғаш келін боп түскен кезін еске алды. Ол бұл туралы “Мархабат” бағдарламасында айтты.
Продюсер 19 жасында студент болып жүргенде тұрмысқа шыққан.
“Биыл келін боп түскеніме 30 жыл толады екен. Барлық келін секілді мен де қатты қиналдым. Жолдасымның ауылына барғанда сиыр сауып, қамыр жая алмай қатты қиналдым. Өзім мектепті “Алтын белгіге” бітіргенмін. Ауылда жүргеніме жыным кеп, бір жағынан өзімді аядым. Жолдасым маған сиыр саууды үйреткен. Таң атпай үйдегілерден бұрын тұрамыз да қораға кіреміз. Мен есіктің аузында тұрамын, жолдасым ішке кіріп кетіп, сиырды сауып шығады. Он шақты күндей өзі сауып жүрді. Сүт толған шелекті апару – менің міндетім. Өзім сауғандай жаз үйге апарып қоятынмын. Бір күні жолдасым:” көршілер біліп қойса, ұят болады” деп шелекті қолыма ұстатты. Басынан бастап үйретіп, екінші күні өзім саудым. Әжемнің қолында өскендіктен, үй тірлігіне онша араласпадым. Жеңгелерім істеп, бәрін дайындап беретін. Қамыр илеп, жаюды да білмедім. Қаншама қамыр қоқысқа кетті. Көпке дейін жұрт көңілінен шығатын қамыр жая алмай жүрдім”, – деп еске алады продюсер.
Сондай-ақ продюсер алғаш рет ата-енесінің қандай жандар екенін айтты.
“Қайын атам маған әлі күнге дейін “Сіз” деп сөйлейді. Атыммен шақырған емес. Кейде “балам” дейді. Өйткені мен ол үйге бала болып келдім. Алғашқы келіндік өмірімнің қалай болатынын өзімнен кейін уайымдаған атам болды. Студенттік кезде ешкімге көрсетпей қалтама ақша салатын. Мен де баламын ғой, соны күйеуіме айтпай өзіме киім сатып алатынмын. Қайын атам мені бала күнімде көрген. Менің атам совхоз директоры болып жұмыс істегенде болашақ қайын атам сол ауылға жас маман болып келген. Әлі күнге дейін “Бұл Әнекеңнің баласы” деп айтып отырады. Жас келінге әкесінен кейін қайын атасының мейірімі әрқашан керек. Сонда келін ол шаңырақтан кетпейді”, – дейді медиа-менеджер.

JQ-Aqparat

02 мамыр, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства