jasqazaq.kz

Футбол: Азия мен Африканың аты озып тұр

16 маусым, 15:46

Биылғы ғаламдық теңбіл доп тойы бұрынғыға ұқсамайды. Спорт сарапшыларына салсақ, күнде сенсация. Алып Африкадағы аумағы алақандай Кабо-Верде құрамасы өз тобында көш бастап тұр. Рас, алғашқы турдан кейін. Дейтұрғанмен, Еуропаның ең үздігі, әр ойыншысы аяқ доптың хас шебері Испанияға дес бермеуін кездейсоқ сенсация дей алмайсың. Бұл тек жаттығу мен ересен ерік-жігердің жемісі, тасдуал қақпашы Возинияның ерлігі ғана емес. Бүгінде тегеурінді техника, көз ілеспес комбинация, ЖИ секілді ақылды ойын өрнегін талап ететін футбол өнерін жете меңгергенін көрсетеді.

Африканың тағы бір өкілі – Мысыр ұлттық құрамасы да бірінші орында. Перғауындар әлем біріншілігінде қола жүлдені иеленген бельгиялықтармен бепте-бет келді. Кевин де Брюйне мен Тибо Куртуа бастаған жігіттер кез келген командаға шыдас бермейтін азулы қарсылас. Әсіресе, күтпеген паспен айып алаңына кіріп, қақпаның саңылауын таба қоятын «қорқынышты қаруы» бар. Африка құрлығында талай топ жарған Мысыр құрамасы да осал емес. Кәрі құрлықта өнер көрсетіп, алтыннан алқа таққан Мұхаммед Салах пен Омар Мармушты жанкүйер қауым жақсы біледі. Енді олардың қатарына сұрапыл соққымен командасын алға шығарған Имам Ашур қосылды. Мысырлықтар текетіресті жеңіспен аяқтар ма еді. Егер екінші таймда өз қақпасына гол жіберіп алмағанда.

Ал Марокконың әлемнің бес дүркін чемпионы Бразилиямен тең ойнауын «жеңіс» деп бағалаған жөн. Мұнда да есепті африкалықтар ашты. Құрамында Әшраф Хакими, Нүссайр Мәзрауи, Браим Диас сияқты әлем футболының жұлдыздары бар марокколық футболшылар әдемі ойын өрнегі, теңбіл допты ұршықша иіретін шеберлігімен де көрерменді тәнті етті.

Дүбірлі дода Азия футболының да деңгейі өскенін паш етті. Бұған дейін қарсылас шақ келтірмейтін Еуропа мен Оңтүстік Америка командалары азиялық қарсыласқа келгенде маңдайы тасқа тигендей күй кешуде. Таблодағы есеп те осылай дейді. Голландия – Жапония 2:2, Швейцария – Қатар 1:1, Уругвай-Сауд Арабиясы 1:1.

Алғашқы ойыннан кейін ақтық болжам жасау, әрине, асылық. Дегенмен, осының өзі шаппай бәйге алатын заманның өткенін, Шығыс футболының үзеңгі қағыстырар дәрежеге жеткеніне айқын дәлел. Демек, бас жүлде Шығысқа келетін күн де алыс емес.

Срайыл Смайыл

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде