jasqazaq.kz

Еуразия ұлттық университеті Қырғызстаннан келген екі студентке қатысты даулы видеоға түсініктеме берді

15 қыркүйек, 10:04

Бұған дейін аталған университетте бір семестр академиялық алмасу бағдарламасы бойынша білім алған Қырғызстанның екі студенті әлеуметтік желіде тараған даулы видеоға байланысты пікір білдірді.
Университет өкілдерінің мәлімдеуінше, студенттер 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестрінде ғана білім алған және қазіргі уақытта Қазақстаннан кеткен. Олардың ЕҰУ-да айтқан пікірлері жол беруге болмайтын әрекет ретінде бағаланды.
Тікелей эфир барысында студенттер қазақ халқы қырғыздардан кейін пайда болған деген пікір айтып, кейбір дәстүрлер қырғыздардан қазақтарға ауысқанын мәлімдеген. Сондай-ақ олардың ханның басына қатысты айтқан сөздері қоғам арасында үлкен резонанс туғызды.
Бейнежазба әлеуметтік желілерде кеңінен тарағаннан кейін студенттер қазақстандықтардан кешірім сұрап, видеоүндеу жариялады.
«Бауырылас қазақ халқы, айтқан барлық сөздеріміз үшін сіздерден кешірім сұраймыз. Біз өз жауапкершілігімізді түсінеміз және мұндай жағдайдың енді қайталанбайтынына уәде береміз», – деді олар.
Бішкек мемлекеттік университеті де ресми түрде кешірім сұрап, студенттердің айтқан сөздері оқу орнының ұстанымын білдірмейтінін атап өтті. Студенттер түсініктеме беру үшін шақырылып, оларға қатысты тәртіптік шара қолдану мәселесі қарастырылып жатыр.
JQ-Aqparat

Бүгін, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу