Ет пен сүт өндірісі ұлғаяды

23 қантар 2023, 12:48


Биыл жылына 50 мың тонна ет шығаратын 7 ет өңдеу жобасын іске қосу жоспарланды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Ербол Қарашөкеев осылай деп мәлімдеді.

2023 жылы республика бойынша жылына 50 мың тонна ет шығаратын 7 ет өңдеу жобасын іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар, жылына 25 мың тонна сүт өндіретін сүт зауыттарын жаңғырту бойынша 5 жоба қолға алынады. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту үшін 5 жобаны пайдалануға беру көзделіп отыр, — деді ауыл шаруашылығы министрі.
Бес жылға арналған қант саласын дамытуға арналған кешенді жоспар әрмен қарай іске асырылады. Бұл жобаларды іске асыру қайта өңдеу өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға және импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Өткен жылы ауыл шаруашылығы министрлігіне жүн мен теріні терең өңдеу функциясы берілгенін еске салған министр: «Енді біздің міндетіміз осы бағыттың одан әрі дамуын қамтамасыз ету, ол үшін жүн мен теріні бастапқы өңдеп қана қоймай, терең өңдеу үшін инвестициялық сусбсидиялауды енгізе отырып, тиісті шаралар кешені әзірленеді», — деді.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
Бүгін, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады