Өнерлі өлке – Түркістан (Видео)

03 қазан 2023, 16:04

Түркістан облысы әкімдігі оқушылар мен жасөспірімдердің шығармашылық өнерін шыңдай түсуді жан-жақты қолға алған. Осы мақсатта облыс бойынша мектеп бағдарламасынан тыс түрлі бағыттағы үйірмелер көптеп ашылды. Аудан, облыс, республика тіпті халықаралық бәсекелерде топ жарған жас таланттар атқарылып жатқан істің оң нәтижесінің айғағы. Отырар ауданында ашылған орталық балаларды түрлі өнерге баулып келеді.

Алтын Қуанышова – Отырар аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының жетекшісі:

Отырар балалар мен жасөспірімдер орталығы 2010 жылы арнайы аудан әкімінің қаулысымен, облыс әкімінің ықпалымен ашылды. Биыл мүшел жастамыз. 2023 жылдың қыркүйек айында 13 жасқа толады біздің мекеме. 28 штат кестесі бар. Онда кіші қызметкер, үйірме жетекшілері. Жалпы оқушы саны 700-500 арасында жылда. Балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін, ішкі потенциалын арттыру үшін, өлкені таныту үшін, мәдениетін көтереміз, қолөнерін қамтимыз балалардың. Жас флорист, вокалист, суретші деген үйірмелеріміз бар. Жалпы саны 9 үйірме. Биыл жетістігіміз өте зор.

Бұл республикалық «Жас қанат. Балалар» Байқауының «Алтын қанат» иегері Зере Жүнісбай. Он бір жаста. Талантты бүлдіршін Отырар аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығында «Жас вокалист» үйірмесінің тәрбиеленушісі. Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрлеген өнерпаз алдағы уақытта елімізге танымал «Қазақстан даусы. Балалар» тележобасында бақ сынамақ.

Зере Жүнісбай – Отырар аудандық балалар мен жасөспірімдер «Жас вокалист» үйірмесінің тәрбиеленушісі:

Мен әнге 5 жасымнан келе жатырмын. Садик кезінен. Қазіргі ұстазым Салтанат Жиренбаева.  Мен республикалық, ауданда, облыста өткен сайыстарға қатысамын. Жас қанат балалар осы жылы алғаш рет болуы. Соған қатысып бірінші орынды иелендім. Және де Азия даусына жолдама алдым. Бірінші орын алған кезде қатты толқыдым, қатты қуандым.

Әнші болу өмірлік мақсаты. Жарты әлемді мойындатқан Роза Рымбаеваны үлгі тұтып, әндерін сүйіп тыңдайды. Зере Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясының 5-ші сынып оқушысы. Сабақ үлгерімі де өте жақсы.

Алтын Қуанышова – Отырар аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының жетекшісі:

Өлкеміз тарих қа да, ғұламаға да бай. Біздің негізгі жұмысымыз аудан көлеміндегі оқушыларды әр мектептен қамтимыз. Мысалы біз қазір тұрмыз Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі, пилотная программа, осында да балаларды тәрбиелейміз. Қазір журналистика деген үйірмеміз бар. Биыл оқу жылында бастағалы тұрмыз. Киім дизайны үйірмесі бар. Онда біз қыз баласын әдептілікке, еңбекқорлыққа үйретеміз.

Журналистика мамандығына қызығушылық танытқан балалар осында келіп телевизия саласының қыр-сырын үйренеді. Әрине теориямен қатар тәжірбиелік сабақтар да өтеді. Ол үшін қажет барлық техника жеткілікті. Ал тігін ісіне қызыққан қыздар соңғы үлгідегі тігін машиналарында қиялындағы киім үлгілерін пішіп, тігуді үйренеді.

Қолөнер – өскелең ұрпақтың бойына ұлттық кодты, ұлттық құндылықты сіңірудің бірден бір жолы. Бұл тұрғыда Отырар аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының «Алтын оймақ» үйірмесінің атқарып жатқан жұмысы орасан зор.

Нұрғаным Сағындық – Отырар аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы «Алтын оймақ» үйірмесінің тәрбиеленушісі:

Апайымыздың айтуымен киіз басамыз, түрлі ойыншықтар, бұйымдар, сумкалар тоқимыз, бисерден түрлі бұйымдар жасаймыз. Сол арқылы бойымызға көптеген құндылықты сіңіреміз. Осы орамалды крючокпен тоқимыз, бұны тоқуға 2-3 аптадай уақыт кетеді. Бұл менің ең бірінші тоқыған орамалым, тағы да тоқитын болсам тез тоқып алып кете аламыз. Бұл орамалды көбінесе әже, апа, аналарымыз тағады.

Қазығұрт ауданында орналасқан Жамбыл Қаппаров атындағы 5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты мықты математиктармен қатар шығармашылық жұмыстарға, спортқа бейім оқушыларды тәрбиелеуде. Мұнда 350 оқушы білім алса, соның 300-ден астамы арнайы үйірмелерге қатысады.

Жаңабай Ахмедов – Жамбыл Қаппаров атындағы 5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының директоры:

Біздің мектепте 10 нан астам балалардың шығармашылықпен айналысатын үйірмелер жұмыс істейді. Атап айтатын болсам қолөнер үйірмесі, сурет үйірмесі, шахмат, шашки, волейбол, футбол, пәндік, би, хор үйірмелері жұмыс істейді. Оның барлығы осы мектептің базасында орналасқан. Қыздар қолөнер, музыка, волейбол, футбол, барлық спорттық үйірмелерге барлық материалдық жағдай қарастырылған. Мектепте барлық мүмкіншілік бар.

Білім ордасының оқушылары жыл сайын мектеп-интернаттар арасында өтетін жарыстарда жүлделі орындарды иеленеді. Сапалы білім мен шығармашылыққа деген қызығушылықтың арқасында еліміздің атын шетелге танытып жүрген мектеп түлектері де жетерлік.

Дархан Кененбаев – Ж. Қаппаров атындағы 5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаттың көркем еңбек және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:

Шығармашылықты таңдайтын балаларымыз сабақты да жақсы оқиды. Олар тіпті әлемдік деңгейде өнер саласында жұмыс істеп жатыр. Көбісі сәулет, дизайнер, қыздарымыз киім жағына. Үсен Мерей деген оқушымыз қазір Астанада қазақ анимациясына үлесін қосып жатқан оқушымыз бар. Ол әлемдік деңгейде жұмыс істеп жатыр. Бүкіл әлемді аралап, мастер кластарын көрсетіп. Тіпті Қазқстанның жүз есім кітабына шықты. Сол кісінің атына көптеген алғыс хаттар келіп жатыр.

Қолөнер тек қол еңбегін талап етпейді. Көп ізденіс те қажет. Қандай да бір жұмыс жасамас бұрын ең алдымен тарихын зерттеп не болмаса тұлғалық болмысын ашуды қажет етеді.

Салтанат Әлжан – дарынды балалар мектеп-интернатының 10-шы сынып оқушысы:

Өзімнің жасаған жұмыстармен таныстырайын. Бұл Абай Құнанбаев атамыз. Инемен жасалған жұмыс. Екі оқушы бір ай көлемінде жасадық.

Мұндағы оқушылар таңнан кешке дейін негізгі пәндер бойынша білім алса, бос уақытында үйірмелерге қатысып, жан-жақты дамиды. Түрлі бұйымдар жасап, көрмеге қояды.

Дінмұхаммед Міркөрім – Ж. Қаппаров атындағы 5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаттың 10-шы сынып оқушысы, бейнелеу өнері үйтірмесінің тәрбиеленушісі:

Ал мына заттарды мектебіміздің оқушылары жасаған. Барлығы тұрмысқа жарамсыз материалдардан жасалып, шығынды талап етпейтін құралдар. Мынау индустрияландыру кезінде қазақ даласында ең алғаш іске қосылған паровоздың макеты. Оған қоса алғашқы көліктердің моделдері жасалған.

Бәсекелестік бар жерде баланың қызығушылығы еселене түсетіні белгілі. Жұмысын зор ынтамен жасап, үздік болуға ұмтылады. Бұл талпыныстары да үнемі ақталып, қанжығалары жүлдемен майланады. Дінмұхаммед қазір жарысқа қызу дайындық үстінде.

Дархан Кененбаев – Ж. Қаппаров атындағы 5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының көркем еңбек және бейнелеу пәнінің мұғалімі:

Енді Түркістан қаласында қараша айында болады. Еркін тақырыпта болады. Соған біз дайындалып жатырмыз. «Балалық шаққа саяхат» деген жұмыс ұсынамыз.

Оқушыларды екі бағытта дайындайды. Қолөнер және бейнелеу өнері. Білікті ұстаздар оқушылардың жасаған жұмыстарына қарап, қай бағытта ебі бар, қай бағытта дамыту керек екенін анықтап, жол көрсетеді.

Жұмагүл Кененбаева – Ж. Қаппаров атындағы 5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының көркем еңбек және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:

ҰБТ-ға дайындаған кезде біз шығармашылықтан дайындаймыз. Графиканы, бояуды, сызуды үйретеміз. Олар түсуге дайын болып барады. Балалар сурет салған кезде ой-өрісі дамиды. Өзім байқасам кейбір балалар шынайы шығармашылық жұмыстарды шығара бастайды. Оны жеке түртіп алып отырамын да жеке бағыттаймын.

Балалар мен жасөспірімдер мәселесі Мемлекет басшысының назарынан тыс қалған емес. Түркістан облысында Президенттің тапсырмасы бойынша өнерлі балаларға қолдау көрсетіп, озық идеяларын жүзеге асыру мақсатында нақты істерді қолға алған. Балдырғандары өнерлі, белсенді, талантты, озық.

26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады